Келіншектер құрылтайы - құттықтау

Келіншектер құрылтайы

Келіншектердің «құрылтайы»                      Қазыбек Әшірбекұлы
 
Әңгімелеп астарлы,
Керіп қойып қастарды,
Келіншектердің кешкілік,
«Құрылтайы» басталды.
- Менің сүмелек байым,
Қылмойынға тым қайым,
Тек бір жұтса болғаны,
«Қуып» кетуге дайын...
- Былай менің жайым:
Ал менің байым,
Көзіме шөп салып,
Жүріс жасауға қайым...
- Все ерунда!
Сендердікі дым емес,
Айтуға тұрар мұң емес,
Менің вообще бүгінде,
Көрген күнім күн емес!
Байым бар іске араласады,
Менімен жаудай жағаласады...
Маған өзін «илеткізбейді»,
Еш нәрсені билеткізбейді!
- Менің байым –
Күн мен Айым,
Аузынан сөзі түсіп тұр.
Өте тым момын,
Тілсең де жонын,
Үндемейтін «күшік» бір.
- Менің үйдегі мыртығым,
Беті табақтай тыртығым,
Табыс тауып жамап жүр,
Тұрмысымның жыртығын...
Сондықтан айтқым келмейді,
Қылығының «тыртығын».
- Менің жарым жарайды,
Балаға да қарайды...
Тірліктің бәрін тындырып,
Далаға да қарайды...
Жамандағанмен жарымды,
Кім берер маған жақсысын?!
Бағалап өтем барымды,
Басқаның қайтем «бақсысын!»


«Құрылтайға» жиналып,
Бәрі бір «сұрақ» қарады...
Келіншектер қиналып,
«Қаулы» алмай, әрең тарады.

Той-думан » Әзіл-қалжың »