"Айта салдым" қалжыңдар - құттықтау

"Айта салдым" қалжыңдар

Айта салдым
Еркек ақша бітсе бәрін істейді.


Махаббат үшбұрышынан өз бұрышыңды тап.


Қазақ балағаттап тұрғанда да, «әкең..», «шешең..» деп ата-анасын еске алып тұрады.


«Сұлу» қыздар суретте ақылды боп көрінеді.


Қасқырлары болмаса, орманнан тыныш жер жоқ.


Жасыңда балықты көп жесең, өскенде жүзуден чемпион боласың, бірақ дәрі ішіп жүрсең, дәрігер бола алмайтының хақ.


Әйелді бағындырудың екі жолы бар: бірақ оны әлі ешкім білмейді.


Махаббат – айлы аспан астында күрсіну емес, көрпе астындағы күрес.


Қызықтың қызық болуы қызығында.


Балық құйрығынан бастап тазаланады.


Түгі жоққа түк шығады.


Өлең айта алмасаң домбыраны жаманда.


Сұлу сөз кемпірді де қыз етеді.


Жетім қыздың жеңгесі көп.


Екі жолды таңдасаң қыли боласың.


Пойызға мінерде шамаң келсе ең басындағы вагонға мін, жетер жеріңе бәрінен бұрын барасың.


Жан-жануарды жақсы көретінім соншалық, ержеткенде тек ет комбинатына барып жұмыс істеуді ұйғардым.


Кейде айтар сөз таба алмай қысылатын кез болады, ондай кезде сөздің орнына ақша бере салуға да болады.


Әйелдерді тастап, құлақ естімес, көз көрмес жер түпкіріне кеткен еркекте не арман бар екен?


 
 
 
 

Әзіл-қалжың » Соңғы қосылған дүниелер »