Әйелі мен күйеуі жайлы күлдіргі әңгімелер, күйдіргілер - құттықтау

Әйелі мен күйеуі жайлы күлдіргі әңгімелер, күйдіргілер

Әйелі іссапарға кетеді. Екі күннен кейін күйеуі SMS жазады: "Қасық, пышақ, шанышқының бәрі қайда кеткен?" деп. Әйелінің жауабы "Үйге қон" болады. Күйеуі түк түсінбейді.  Бір аптадан кейін әйелі іссапардан келеді. Күйеуі зілмен қарсы алып:
           - Қасық, шанышқыларды бірге ала кеткенсің бе? дейді. Әйелі үнсіз ғана қолынан ұстап, күйеуін жататын бөлмеге алып барады да, көрпені ашып қалады. Қасық, шанышқының бәрі сонда жатыр екен.
           - Айттым ғой, "үйге қон" деп саған депті әйелі.


              Түс жорытпақ болған біреу  жолаушыға түсінің басын айтып, аяғын ұмытып қалыпты. Түсінде әйелін де көрген болу керек:
           - Ей, сонда сен де бар едің ғой, қалғанын сен айтшы, - деп әйеліне қарапты.


          - Әке, "пингвиндер - әбден семіріп кеткен қарлығаштар" деген рас па?
         - Рас, балам. Әкең де әу баста қарлығашқа үйленіп еді ғой, енді, әне, көрмейсің бе?


Баласы отбасын құрмақ болып, әкесіне өмірлік жарын таныстырады:
        - Әке, міне, келініңіз! Біз бір-бірімізді жақсы көреміз. Сондықтан үйленетін болып шештік.
       Әкесі:
        - Балам,  бұл қызға үйленбе! Ол - сенің қарындасың болады.
        - Қалай қарындасым?
       - Түсінесің бе.... жас кезімде қыздарға көп барып едім.
       Оны естіген баласы әлгі қыздан бас тартып, біраз уақыттан кейін екінші қызды таныстыруға әкеледі.
       Сонда әкесі:
       - Балам, бұған да үйлене көрме! Ол да - сенің қарындасың, - депті.
       Әкесінен көңілі қалған баласы анасына барып, болған оқиғаны айтып береді. Сөйтсе, анасы:
       - Үйлене бер, балам! Ол сенің әкең емес, - деген екен.


Ажырасып жатқан күйеуі сотта:
"Әйелім киімімді жумайды, үтіктемейді, тамағымды пісірмейді." деп шағымданады.
Әйелі:
"Енді не істе дейсіңдер! кір жуғыш машина жоқ, үтік сынып тұр, ал газдың біткені қашан!..." деген уәж айтады.


/gulzhamal_k қосқан әзіл/ Түнде әйелі күйеуін оятатын көрінеді "тоңып жатырмын"-деп. Күйеуі атып тұрып көрпе жауып береді. Тағы оятады дейді "Ыстықтап бара жатырмын"-деп. Күйеуі енді көрпені ашып тастапты. Біраздан соң, әйелі тағы оятады екен: "Маған еркектің ыстық құшагы керек". Күйеуі ренжіпті "Туу, алла сақтасын, енді түңгі екіде саған еркекті қайдан тауып беремін"-деп.


Қалай ғана үйлестіріп жүр?
     Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:
      - Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.
       - Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.
      - Біздің бала да жарап тұр – банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға,процентсіз...
         Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:
         - Не айтып жатырсыңдар?
         - Бала туралы.
         - Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...


         Сән үлгісін көрсететін журналды оқып отырған әйелі күйеуіне:
         - Жаным, биыл түймесіз костюммен жүру сәнге айналады екен.
         - Жақсы болды, демек, мен саған үйленген 15 жыл бойы сәнді киінген екенмін ғой...


         Құрбы қыздар кездесіп қалады.
         - Ой, кеше сенің күйеуіңмен кездесіп қалдым. Анекдотты қандай жақсы айтады. Күлкіден төсегіме құлай жаздадым.


  Күйеуі іссапардан келсе, үйінде бір еркек ұйқыны соғып жатыр екен. Ашуланған ол әйеліне:
         - Мынауың кім?
         - Кім болушы еді? Маған тонды, саған көлікті кім әперді?
Дубайға жолдама беріп, саяжайымызды жөндеп берген кім? Жұмысымыз бар, Құдайға шүкір, балалар тоқ. Осының бәрі кімнің арқасы деп ойлайсың?
         - Онда, тым болмаса, үстіне көрпе жауып қоймайсың ба, жаураған шығар байғұс.....


 Екі әйел әңгімелесіп отыр.
- Осы күйеуімді бір тәртіпке шақыра алмай-ақ қойдым.
- Ол қандай тәртіп?
- Әмиянын өмірі бір жерге тықпайды.
- Бүкіл еркек сол ғой.


Екі әйел әңгімелесіп отыр.
- Естідің бе, сенің бұрынғы күйеуің жұмысқа тұрыпты.
- Мен оның ақша үшін неге болса да баратын бұрыннан білгем.


Күйеуі мен әйелі әңгімелесіп отыр.
- Біздің шатырды жөндеген ұстаны білесің бе? – дейді күйеуі әйеліне.
- Иә, білемін.
- Соны көлік қағып кетіп, қайтыс болыпты.
- Бұл өмір не боп барады өзі. Енді шатырда да еркін жүре алмайтын болдық қой.


Бір әйел көріпкелге келіп:
- Бес жыл бұрын сіз маған «күйеуіңіз және бес балаңыз болады» деп едіңіз, - дейді.
- Иә, қалай болды?
- Солай болды, бес бала таптым.
- Айтқаным айдай келіпті ғой. Енді не дейсің?
- Бәрі дұрыс қой. Бірақ күйеуім қашан болады?


Әйелі мен күйеуі театрда концерт көріп отыр.
Әйелі сахнадағы оркестрдің дирижерін меңзеп:
- Моцарт деген осы ма?
- Білмей тұрмын, теріс қарап тұр ғой....


  - Бұрын әйелдер ертелі-кеш ерлерінің атын атамай, «Біздің үйдің кісісі», «Әкесі», «Отағасы» деген екен.
        - Қазіргі  әйелдер де ерлерінің атын атамай; «Албасты», «Малғұн», «Сұмырай», «Алқаш», деп шұбыртатын болды ғой.
 

       Бұрынғы әйелдерге туған күніне етік әперем десең, шаттанатын. Ал , қазір «Жигули» әперем десең;
-        «Жигули?». Неге иномарка е-емес?! – деп, талып қалады.
 

Екі күн бойы үйіне түнемеген әйел күйеуіне:
         - Сен не бір қорқынышты нәрселерді ойлаған шығарсың? – дейді еркелеп.
         - «Иә, қашан келіп қаларсың екен?» деп қорыққаным рас.


Ертеде Жаукен дейтін бір азамат серілік құрып жұмыстан үйге ылғи кешігіп, кейде қона-жатып келеді екен. Әйелі әрі ренжиді, бері ренжиді. Анау мұны құлағына да қыстырмайды. Сосын «жөндесе осы жөндер» деп оның бір қылығын Қабат деген құрдасына айтады. Ол мұны тыңдап болып:
         - Әй, оған несіне ренжисің? Ер адам аңшы сияқты ғой. Бір күні оғы таусылғанда өзі-ақ келеді, - дейді. Ана әйел қарап отырмай:
         - Ондай оғы таусылған аңшы бізге не керек – деген екен.


 - Құрбым, сенің күйеуіңнің кешке үйге келмей қалатын күні болды ма?
         - Тек бір-ақ рет, үйленгеннен кейін бір айдан соң келмей қалды. Бірақ мен әлі де келеді деген үміттемін.


 Әйелі күйеуіне:
         - Біздің телефонға не болған? Әлгінде құрбыммен сөйлесіп едім, бір сөзін де түсінбедім, - десе керек.
         Сонда күйеуі:
         - Екеуің кезек-кезек сөйлесеңдер, түсінер едіңдер ғой, - депті.


         Бір келіншек психиатрға қаралуға келеді:
         - Бір ай болды, күнде түсімде күйеуімді көре беремін.
         - Жақсы емес пе қайта...
         - Көргім келмейді сол оңбағанды.


- Әйелді басқарудың екі әдісі бар, бірақ оны ешкім білмейді;


Күйеуі әйеліне:
- Жаным, демалыс күндері достарыммен тағы да аңға шығатын шығармын...
- Бара бер, сені ешкім мүйізіңнен ұстап отырған жоқ қой.


Бір еркек дүкенге келеді:
         - 8 наурыз мерекесі ғой. Қандай сыйлық алсам болады?
         - Әйеліңізге ме, әлде қымбатырағы керек пе?


- Ереке, соңғы уақытта мазаң болмай жүрген сияқты.
         - Ұйқым бұзылып, үрей билеп...
         - Не болды?
         - Бұрынғы әйелім бесінші күйеуінен ажырасып, қайтадан біріншісіне қосылыпты...
         - Онда тұрған не бар?!
         - Мен оның екінші күйеуімін ғой...


         - Бәке, кеше кешкілік паркте жаныңда отырған сымбатты бикеш сіздің қызыңыз болар?
         - Әлбетте! Басқа кім болушы еді... тек сол көргеніңді әйеліме айта көрмеші...


         - Жәке,сен білесің бе, менің әйелім сұмдық ақылды. Ол өзінің ескі көйлегінен маған тамаша галстук тігіп берді.
         - Тәйірі, сол да ақылдылық па! Ал біздікі менің ескі галстуктарымнан өзіне тамаша көйлек тігіп алды.


         Әйелдердің көз жанары ерлердікіне  қарағанда, өзгеше келеді. Олар қарсы алдында тұрған гараждың есігін көрмей қап, тарс соғылуы мүмкін, бірақ сіздің костюміңіздің өңіріне жабысқан  қыздың бір тал шашын сонадайдан-ақ көріп қояды.


         - Әйелдер негізінен үндемейтін, біртоға еркектерді жақсы көреді.
         - Неге?
         - Өйткені, олардың тым-тырыс отырғанын «мені тыңдап отыр» деп ұғады...


         Көңілсіз келген әйеліне күйеуі:
         - Қабағың қату, не болды? – деп еді, келіншегі:
         - Ашуымды келтіргені – ылғи саған сыйлық алайын деп дүкендерді араласам – тек маған ғана лайықты заттар кездеседі! – деді.


         Әйелі күйеуінің бөлмесіне кіріп, тіл қатады:
         - Әкесі, қоқысты төгіп келсеңші!
         - Отырғаным осы ғой!
         - Оған дейін не істеп едің?
         - Жатып демалдым емес пе!


Сұрақ-жауап:
- Сіз әйеліңізбен 40 жыл бірге өмір сүргеніңізді қалайша есепке алмайсыз? Не үшін жас әйел алдыңыз?
- Сендер не түсінесіңдер? Кәрі кемпірмен тұру оңай дейсіңдер ме? Түнімен оны күзетіп шығасың, дәрісін бересің, терезені ашып, үйге таза ауа кіргізесің, аяғын уқалайсың, айтқанының бәріне көнесің... Ал жас әйел қыдырыстап үйде тұрмайды ғой... Ең болмаса ұйқың тыныш болады.


 Психолог тұжырымдамасы:
         «Көптеген еркектер үй жинаған әйелге көмектесу - әйелдер еден жуып жатқанда екі аяқты көтеріп отыру ғана деп ойлайды».


Мен қырық жасқа келгенімді мойындамаймын! Мен 22 жылдық тәжірибесі бар 18 жастағы бикешпін!

 
         - Ал мен өмірімде үш рет үйленгенмін. Сондықтан да әйелге не керек екенін жақсы білемін.
         - Не керек екен сонда?
         - Жақсы күйеу!...

 
   - Сен кімсің?!
         - Ұйқыдағы арумын!
         - Түрің неге сонша қорқынышты?
         - Оянғаным жаңа ғана!

 
  Еркектер 8- ші наурызда әйелдер үшін барын салып-ақ бағады. Мәселен, шалбарын үтіктейді, бәтеңкесін тазалайды, моншаға барып келіп сықия киінеді, бет-аузында қылтанақ қалдырмай қырынып та алады. Сөйтіп, жөнге келіп қосағының денсаулығы үшін алып та қояды.

 
         Жылдағы екі күнді – 1 қыркүйек пен 8 наурызды гүл сатушылардың мерекесі әрі берекесі деуге болады.

 
         Егер еркек киетінім болмай тұр десе, онда оның таза киімдерінің біткені.
         Егер әйел киетінім болмай тұр десе, онда оның жаңа киімдерінің болмағаны.


Таңертең әйелі күйеуіне оятып жатып:
   - Қымбаттым! Бүгін үйленгенімізге 20 жыл толды ғой, деймін...
   - Қой-ей...
   - Сол қорадағы қойды соя салсақ қайтеді?!
   - Қой байғұстың не кінәсі бар еді?


  Іссапардан түнделетіп оралған жігіт үйінен шығып бара жатқан бөтен еркекті кезіктіреді:
         - Ей сен кімсің?
         - Аяз Атамын.
         - Жазда неғып жүрсің?
         - Жаз болса да балаларды құттықтап шығайын деп.
         - Сақал-мұртың қайда?
         - Күн ыстық, тазалық үшін алдырып тастадым.


 Екі дос кездесіп қалады:
         - Сен неге толқып тұрсың?
         - Үш күн бұрын әйелім газет алып келуге кеткен, әлі келген жоқ.
         - Онда тұрған не бар, бар-жоғы үш-ақ күн газет оқымай қалған шығарсың.


   Әйелі күйеуіне:
   - Мен ұрса бастағанда, сен неге сағатқа қарай бересің? – деп сұраса, күйеуі:
   - Қымбаттым, кім бірінші тоқтайды екен – сен бе, әлде сағат па деп қараймын, - деп әзілдей жауап беріпті.
   Осындай әзілі мен шыны ылғи да қатар жүретін, жүрегі кең азаматтарымыз үшін!



Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »