"Кімді қалайсың?" ойыны - құттықтау

"Кімді қалайсың?" ойыны

қосқан Ботагөз Сәдібек
"Кімді қалайсың?" - қазақтың ұлттық ойыны.
Алдымен ойын бастаушы мен "жазалыға" үкім шығарушы хан тағайындалады. Қыз-жігіттерді жұптастырып отырғызады да, көршілері бір-бірінен "Кімді қалайсың?" деп сұрайды. Сонда ол ұнатқан кісінің рет санын дәл тауып, оны қасына алады, не жаңылысса "жаза" тартады. Жаза түрі ән, би, көркем сөз оқу т.б. болуы мүмкін. Бұл ойынды той-жиында қызықты етіп өткізген дұрыс. Кей жерлерде бұл ойын "қассың ба, доссың ба?" д еп те аталады.

Ойын-сайыстар » Соңғы қосылған дүниелер »