"Сиқырлы таяқ" ұлттық ойыны - құттықтау

"Сиқырлы таяқ" ұлттық ойыны

қосқан Ботагөз Сайфуллинқызы Сәдібек
«СИҚЫРЛЫ ТАЯҚ» - қазақтың ұлттық ойыны. Ойыншылар қол ұстасып, шеңбер бойына дөңгелене тұрады. Қолына таяқ ұстаған ойын жүргізуші шеңбер ортасына шығып, ойыншыларды нөмірлеп шығады да, ойын шартын жариялайды. Содан кейін кез келген бір ойыншының нөмірін атайды да, жерге тіреп тұрған таяқты жібере салады. Нөмірі аталған ойыншы таяқты жерге құлатпай алса, өз орнына барады, ал таяқты құлатып алса, айыбын тартады, ойыншылардың ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді. Ойын шарты бойынша, әр ойыншы ең аз дегенде, бір реттен ортаға шығарылады.

Ойын-сайыстар » Соңғы қосылған дүниелер »