Қазағымның ардақты келіндері - құттықтау
Қазағымның ардақты келіндері
Қазағымның ардақты келіндері Ақсақалға ұсынып төрін берді, Алғысына бөленіп көңілдері. Жасы үлкенге жаңылмай сәлем салған, Қазағымның ардақты келіндері. Үлкен үйден іргесі бөлінбеді, Бір сыйластық арада өрілгені. Абысынмен ас-суы ажырамас, Қазағымның ардақты келіндері. Қосылған соң жүрекпен өмірлері, Риясыз жарасар сенімдері. Отағасын қашан да пір тұтатын, Қазағымның ардақты келіндері. Еркелетіп ат қойып егілгені, Жүрегінен ықылас төгілгені. Қайынсіңіл,қайнының қамын ойлар, Қазағымның ардақты келіндері. Бірлік артса береке еліңдегі, Керегеңнің кеңінен керілгені. Ұрпақ жібін жалғайтын ұлтқа лайық, Қазағымның ардақты келіндері. авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласыКелініме » Отау көтерген мерей тойларға » Өлең - сөздің патшасы » Соңғы қосылған дүниелер »