Көлік, МАИ қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер - құттықтау

Көлік, МАИ қызметкерлері туралы күлдіргі әңгімелер

Көше тәртібін бұзып, сол жақпен кетіп бара жатқан көлікті МАИ қызметкері тоқтатады.
         - Жол ережесін өрескел бұзып, қайда асығып бара жатырсыз?
         - Оны өзім де білмеймін. Не де болса кешіккенім анық. Өйткені бәрі кері қайтып келе жатыр.


   МАИ инспекторы «Мерседес» көлігін тоқтатады. Көлік тоқтағанмен одан иесі түсе қоймайды. Инспектордың шыдамы таусылып, көлікке жақындайды. Көлік иесі терезені ашады.
- Ақша саған керек пе, әлде маған ба?


Машинамен жолда келе жатқан ерлі-зайыптылар МАИ қызметкерлерін жиі кездестіреді.
Әйелі:
- Бұл көшедегі МАИ-дың барлығы семіріп кеткен бе, немене? – деп таңданса керек.
Күйеуі:
- Олар бронежилет киіп тұрған шығар – дейді.
Әйелі:
- Қойшы тегі, беттеріне де киіп алған ба? – депті.


Қағытпа
      Жолаушыларға лық толы автобус. Бір аялдамадан автобусқа мінген кемпір алдыңғы қатарда отырған жас жігіттің қасына келіп тұрады. Жас жігіт әлгі кемпірден:
  - Апа, аяғыңыз ауырып тұр ма? – деп сұрапты.
  - Иә, айналайын, аяғым сырқырап ауырып тұр.
  - Апа, жас кезіңізде қарттарға орын беруші ме едіңіз?
  - Иә, қарағым, үлкен кісінің автобусқа кіргенің көрсем, отырған жерімнен қарғып тұрып орын беретін едім.
  - Е-е, жас кезіңізде қарттарға орынды көп бергендіктен ғой аяғыңыздың ауыратыны...


Заулап келе жатқан көлікті тоқтатқан МАИ қызметкері жүргізушіге:
         - Жылдамдықты арттырған үшін салынатын айыппұл көлемін білесің бе?
         - Жоқ.
         - Ендеше біліп қой – 20 мың!
- Қауіпсіздік белбеуін тақпаса ше?
- Онда 7 мың бересің!
- Ортадағы бөлі сызығын қиып өтсе ше?
- Оған? Кемінде 10 мың!
- Ішіп алып айдағандарға не істейсіңдер?
- Правосын алып қоямыз.
- Ал бірден қатты жылдамдықпен, белбеу тақпай, сызықты кесіп өтіп, ішіп алып көлік айдаса не болады?
- Онда «бинго» болады!


Бір байдың көлігі аяқастынан бұзылып қалып автобусқа отыруына тура келеді. Кондуктор:
         - Бауыржан Момышұлы, түсеміз! Жұмағали Саин, дайындаламыз!
         Сәлден кейін:
         - Жұбанов, дайындаламыз!
         - Бауырым, менің аты-жөнімді қашан айтасың, мен қазір түсуім керек.


Әйелі күйеуіне:
- Жаным, көлігімді бүлдіріп алдым. Корбюраторға су кіріп кетті ғой деймін.
- Жүр көрейік, көлігің қайда?
- Көлге батып кетіп еді..


Білгім келген бір сұрақ:
- Қытай мен МАИ қызметкерінің ұқсастығы неде?
- Екеуі де тамақты таяқпен жейді.


         Жол полициясы басқармасы келесі айдан бастап жаңа үлгідегі радарлар қолданысқа енгізетін болды. Жаңа құралдың ерекшелігі – ол қатты жүрген көліктердің жылдамдығын емес, жүргізушіге бірден қанша ақша төлеуі керек екендігін көсретеді.


Әйелі ертеңгілік жұмыртқа қуырып жатыр. Кенет ас үйге күйеуі жүгіріп келеді:
         - Дұрыстап қуыр, абайла! Құдай-ау, майын көбірек құйсаңшы! Сонша көп жұмыртқаны бірден қуырып жатырсың ба?! Аударыстыр!!! Тап қазір аударыстыр деймін! Жұмыртқа қуырғанда осы мені ешқашан тыңдамайсың! Ешқашан!!! Тұз септің бе? Ылғи да ұмытып кетесің!!! Тұззз деймін!
         Әйелі күйеуіне аңтарыла қарап:
         - Не болған өзіңе? Жұмыртқаны пісіре алмайды деп ойлап тұрсың ба?
         Күйеуі жаймен ғана:
         - Саған менің машина айдап келе жатқанда қандай күйде болатынымды сезіндірейін дегенім ғой.


Жол бойында МАИ қызметкері көлікті тоқтатып, жүргізушіге:
         - 100 доллар беріңіз. Әйтпесе сіздің көлігіңіз бен өзіңізді де қамауға аламыз.
         - Басеке, мен ереже бұзған жоқпын ғой.
         - Маған не қыл дейсің. Сен қашан ереже бұзады деп күтіп жүреді екенбіз ғой, сол...


МАИ инспекторы "Мерседес" көлігін тоқтатты.
Мәшинеден "жаңа қазақ" шықты. Инспектор:
- Ішіп алыпсың ғой. Қне, үрле!..
"Жаңа қазақ" қалтасынан жүз доллары алып ұсынды.
- Түкке түсінбей тұрмын. Тағы бір рет үрле!
"Жаңа қазақ" енді елу доллар береді.
" -Түу... ештеңе түсінер емеспін, бірінші жолғыдай қайта үрлеші!

Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »