маскүнемдер, арақ-шарап туралы күлдіргі әңгімелер - құттықтау
маскүнемдер, арақ-шарап туралы күлдіргі әңгімелер
Біздің ауылда шалы қайтыс болған бір кемпір науқастанып қалыпты. Балаларының апармаған дәрігері, көрсетпеген бақсысы қалмапты. Бір күні алыстан бір мықты тәуіп алдырыпты. Тәуіп кемпірді тексеріп көріп, балаларына:- Шешелеріңнің ауруы жоқ екен, сендер бұл кісіні жазылсын десеңдер, бір шал тауып беріңдер, - депті. Мұны естіген балалары тәуіпке ренжіп: «Біздің бір кемпірді бағуға шамамыз келеді», - деп шамданыпты. Ал мұның барлығын естіп отырған шешесі: «Балаларым, бұл тәуіп өте мықты тәуіп екен, осының айтқанын бір сынап көрмейсіңдер ме?» - деген екен.
Сот залында:
- Театрға ішіп алып барғаныңызды мойындайсыз ба?
- Мойындаймын! Сау болсам, театрға жолап нем бар?!
- Кеше ет комбинатында болып, колбасаның қалай жасалатынын көрдім. Екінші ет жемейтін болдым. Бүгін сүт фермасына барып, сыр, айран, сүттің қандай жағдайда жасалатынын көрдім. Бұдан былай сүт тағамдарына жоламаспын. Осы көргенім жетер! Енді арақ зауытына мені итпен сүйретіп апара алмайсың!
Америкалық орыспен әңгімелесіп отырады.
- Басқа ұлтқа қарағанда, орыстардың арақты көп ішетіні рас па?
- Рас.
- Ал сен үш стақан арақты іше алар ма едің?
- Әрине, ішіп алып үш қияр жесем болды.
- Он стақан ше?
- Он қияр болса болғаны.
- Ал жүз стақан іше аласың ба?
- Денің сау ма, жүз қиярды жеу мүмкін емес қой.
Әйелі күйеуіне:
- Арақты кесемен ішетін жағдайға жеткенсің бе?
- Дәрігер стақанды қолыңа алушы болма деді емес пе?!
Дүкендегі оқиға.
- Маған бір шөлмек арақ беріңізші.
- Ал сен 18 – ге толдың ба?
- Ал сізде ішімдік сатуға лицензия бар ма?
- Не болды ашуланып, бар ғой...
Бастық қызметкеріне ашуланып:
- Көп ішіп, мас болып қалғандардың бәрін есіктен сыртқа итеріп шығара берме деп қанша айтамын саған?! Сен вагон- ресторанның күзетшісі екендігіңді ұмытпа!
Тотының толғанысы
Бір шал ашытпа ішіп отырса, тордағы тотықұс: -«Маған да ішкізсеңші!» - депті.
Шал : - Кет, таңертең бас жазуға тағы сұрамақсың ба ?
- Жоқ ,сұрамаймын , - депті Тоты.
Шал: - Жақсы, егер де сұрасаң, қанатыңды қиып тастаймын!- депті шал.
Екеуі ішіп, жатыпты.
Таңертең шал тұрса, Тотықұс олай-былай тыпыршып, торда орын таппай жүр екен.
- Осы маған қанаттың не керегі бар өзі?! – депті бір кезде...
Бір жігіт дүкен әкімшілігіне шағымданып жатыр:
- Сіздер неге халықты алдайсыздар?
- Жала жабуға болмайды, біз не деп алдадық?
- Сіздер кір жуатын ұнтақтың қорабына, «сыйлық ретінде 100 грамм тегін аласыз» деп жазып қойыпсыздар. Ашып қарадым, ішінде ұнтақтан басқа ештеңе жоқ. 100 грамы қайда?
Күні бойы ішкен еркек түнде шөл қысып оянып, әйеліне:
- Жаным, су әкеліп берші, аузым кеуіп барады.
- У керек емес пе? Мен бе аузыңа арақ құйған?
Біраз уақыттан кейін күйеуі тағы да сұрайды.
Бұған мүлде ашуланған әйел орнынан тұрып:
- Ұйқы бермедің ғой. Қазір оқтау әкеп, басыңды жарам.
- Оқтауға бара жатсаң, қайтарыңда су ала келші, жаным...
Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »