Аңдар, жан-жануар, құрт-құмырсқа, жәндіктер туралы күлдіргілер - құттықтау
Аңдар, жан-жануар, құрт-құмырсқа, жәндіктер туралы күлдіргілер
Арыстанның баласы бұзақылық жасап, орман сақшыларының қолына түсіп қалады. Күзетшілер оның шашын тақырлап алып тастап, арнайы аңдар түрмесіне қамайды. Онда қамауда отырған басқа аңдар арыстанды танымай, мысық деп ойлап, ызаландыра береді. Ол" мен мысық емеспін" деп ақталса, одан бетер қарқылдап, мазақ қылады.Бір кезде бұрышта бүрісіп отырған тышқанды көзі шалып қалады:
- Тышқан, сен мыналарға менің арыстан екенімді айтшы, - деп жалынады.
- Бұлар бәрібір сенбейді, себебі мен де осында түсерден бұрын кірпі болғанмын" - дейді.
Бір кірпі ормандағы алаңқайды айналып жүгіріп, қарқылдап күліп жүр.
Мұны байқаған елік:
- Әй, кірпі, неменеге жетісіп жүрсің? Жүгіргенге де күле ме екен?
- Сен де жүгіріп көр. Армансыз күлетін боласың.
Елік алаңқайды он айналса да, күлмейді. Әбден титықтаған ол ақыры кірпіден әлгі күлкінің сырын сұрайды.
Сонда кірпі:
- Жүгіргенде қарныңды шөп қытықтамай ма, не? – депті.
Екі сиыр ет комбинатында әңгімелесіп тұр:
- Сен бұл жерде бірінші рет болып тұрсың ба?
Ұйқыдан түске қарай тұрған жауын құртының баласы шешесінен:
- Апа, әкем қайда? - деп сұрайды.
Сонда байғұс шешесі:
- Еее, әкең таңертең еркектермен балыққа кеткен, депті.
Сабақтан келе жатқан күшіктің әкесі көшеде қарсы жолығысып қалады.
- Балам, бүгін қандай пән өттіңдер? - деп сұрайды.
- Шет тілін.
- Бірдеңе үйрендің бе, айта ғойшы.
- Әрине! Мияяяяууууу!
Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »