құда, құдағи, келін туралы әңгімелер - құттықтау

құда, құдағи, келін туралы әңгімелер

-        «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген
Мақалды қалай түсінуге болады?
- Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен
ұрады.   Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.


Сөз мәні:
 
Қ – қыз бен                   Қ – қыз бен
Ұ – ұлды                       Ұ - ұлды
Д – дайындайтын        Д - дайындайтын
А – аппарат.                 А – арнайы
                                       Ғ – ғылыми
                                       И – институт.


Жақын інілерінің жағдайын білмекке ауласына ене бергенде абалаған ит ілгері жүргізбепті.
Мұны естіп үйінен шыққан келіншек:
         - Қайнаға, кідірмеңіз, бұл ит сөзге түсінеді, - десе керек.
         Сонда Тоқаң:
         - Шырағым-ау, ол итің қаппас үшін «мен осы үйдің туысы Тоқсейітпін» деп шыққан тегімді түгел айтуым керек пе?! – деген екен.
         Ағат сөйлеген келін итіне ұмтыла беріпті.


 Бір үйге түскен келіннің атасының аты Қасқырбай, енесінің аты Жібек екен.
         - Атаңның аты кім?
         - Атамның аты Волк.
         - Енеңнің аты кім?
         - Енемнің аты шелк, - деген екен.


  Ертеңгісін жұмысқа кетіп бара жатқан отағасы шәй ішпек болып ас үйге кіреді. кемпірі жұмысқа кетіп қалыпты. Шәй қойылмаған. Жаңа түскен келіннің бөлмесінің есігі ашық екен. Сығалап қарап еді, көрпені бүркеніп алып, ұйықтап жатыр екен. Қызының бөлмесіне кірді. Ол да ұйықтап жатыр.
- Қызым, - деді оны оятып жатып.
- Маған шәй дайындап берші.
- Келініңіз дайындап береді ғой...
- Ол ұйықтап жатыр.
- Менің де ұйқым қанбай жатыр.
- Тұра ғой, қызым. Ертең біреудің үйіне келін боп түскенде ұйқыңды қандырып аларсың.


Екі кемпір әңгімелесіп отыр екен.
         - Айтпақшы, келін түсіріпсің, құтты болсын! Келінің қалай екен?
         - Ой, айтпа! Келінім сондай пысық болып шықты. Ертеңгі сағат 5- те тұрады, содан тынбай түнгі 12-де бірақ ұйықтайды.
         - Айтқандай, қызың тұрмысқа шығыпты, құтты болсын! жағдайы қалай екен?
         - Ойбу!!! Айта көрме! Ол қызым сорлап қалды ғой. Ертеңгі сағат 5-те тұрып, түнгі 12-де бірақ жатады екен.

 
Құдасы көрші ауылда тұратын құдасына көрген сайын «үйге келмедің, бір қойдың басын жемедің» деп айта берген екен. Содан бір күні шақырылған құда да қонаққа келеді. Арада бір апта өткенде, қонақ күтіп әбден шаршаған құдағи:
         - Құдеке, ауылыңыз өртеніп жатыр деген суық хабар алдық, қайтпайсыз ба?
         - Ондай жағдай болса, ол жақта жататын жерде жоқ шығар.
Осында қала берейін.
         - Құдеке, қалжыңдағаным ғой, бәрі аман-есен, қайта берсеңіз болады.
         - Онда тіпті жақсы, енді алаңсыз жата беретін болдым ғой.

     
 - «Қазақ байыса – қатын алады» деген сөз рас па?
   - Жоқ-ей, о не дегенің! Қазақ қатын алған соң байиды:
бір басы екеу болады, екі қолы төртеу болады; әке үстіне аталы болады, шеше үстіне енелі болады; өзінің жалақысына әйелінің «декреті» қосылады, оған қоса балдызының, құдашасының алдында міндеті болады – соның барлығы байлық емей, енді не?




Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »