түрлі тақырыптағы күлдіргі әңгімелер топтамасы - құттықтау

түрлі тақырыптағы күлдіргі әңгімелер топтамасы

Қай заман жақсы?
          - Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?
         - Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.


Қалай ғана үйлестіріп жүр?
     Үш жаңа қазақ балаларын айтып мақтанып отырса керек:
      - Ұлым өзіме тартқан іскер. Жылжымайтын мүлікпен айналысады. Ісі оңға басып тұр. Өткенде досына Париждегі пәтерін сыйға берді.
       - Менің де ұлым іскер. Қымбат мәшинелер сататын автосалоны бар. Ұсақтанбайды, досына бір су жаңа «Ferrari» сыйлады.
      - Біздің бала да жарап тұр – банк ұйымдастырып, аяғына тұрып кетті. Түсінесің бе, досына көлемді несие берді 30 жылға,процентсіз...
         Соның арасында оларға төртінші жаңа қазақ қосылады:
         - Не айтып жатырсыңдар?
         - Бала туралы.
         - Ал менің балам, қызтеке! Болмай қалғыр! Сонда да, Парижде пәтері бар, астында «Ferrari», күні кеше 30 жылға процентсіз несие алды. Қалай ғана үйлестіріп жүр, білмеймін...


         - Маам! Маа-мааа!
         - Не болды сонша айқайлап! Мен қонақ бөлмедемін, бері келші, не керек өзіңе? Дұрыстап айтшы.
Бүкіл бөлмелерді аралап келген баласы:
         - Мама, мен боқ басып кеттім!


        Шешелеріміз кішкене күнімізде бәрімізді де оймақтай шағын қасықтармен тамақтандырғаны есіңізде шығар? Ал енді ойлап көріңізші: қытайлар асты екі таяқшамен жейді. Сонда олардың шешелері сәбиін... тіс шұқығышпен тамақтандыра ма?


        Ауыл әкімі кабинетінен атып шығып, хатшы қызға дүрсе қоя береді:
         - Менің үстелімнің үстіндегі шаңды саған кім сүрт деді?
         - Не болып қалды, ағай?
         - Онда өте бір маңызды телефон жазылған болатын, - депті.


Екі жынды кино көріп отыр.
- Мына киноны бұрын көріп пе едің?
- Жоқ. Бірінші рет көруім.
- Ал мен төртінші рет көріп отырмын. Бірақ алдыңғы үшеуіне қарағанда, бұл жолы актерлер өте тамаша ойнады.


Құрылысшы мен тапсырыс беруші әңгімелесіп тұр.
- Қабырғаны өте жұқа қылып қалапсыздар.
- Жұқа емес, оның сыртынан әлі тұсқағаз жапсырамыз ғой.


Әскерге барғанда дейін ұйқым тыныш болатын. Әскерде жүргенде ұйқыдан маза кетті. Себебі өзім тыныштықты күзеттім. Әскерден кейін алаңсыз ұйықтай алмайтын болдым. Себебі бәтшағарлардың қалай күзететінін жақсы білемін.


Бұқаралық әміріне елші болып бір жас жігіт барыпты. Әмір жас жігіттің  келгеніне қатты ренжіп:
         - Ақ патшаның адалы жоқ па? Елші қылып маған сақалсыз адам жібергені несі?! – депті.
         - Егер ақылдың бәрі сақалда болса, онда патша мені емес, ешкіні жіберер еді ғой, - деген екен сонда елші.


Түн ортасында екі аруақ қорғанды аралап жүреді. Бір кезде есік шиқылдап ашылғандай болады. Бірі екіншісінің артына тығылып қалады.
         - Сен не, - дейді сонда екіншісі, - сонша қорқасың? Тірілер туралы ертегілерге сенесің бе?


          - Кезінде әке-шешемді бекер тыңдамаппын. Қазір соған өкініп жүрмін.
         - Әке-шешең не деп еді?
         - Қайдан білейін? Айтып тұрмын ғой, тыңдамаппын!


Бастық көмекшісіне:
         - Мен саған бір сағаттық баяндама жаз деп едім ғой. Ал мен оны екі сағат оқыдым.
         - Өзіңіз ғой, көшірмесін бірге алып кеткен...


     Баласы мен анасы:
         - Шеше, неге әкеміздің басында шашы өте аз?
         - Себебі ол көп ойлайтын ақылды адам.
         - А-а! Ал сенің шашың неге көп?
         - Көп сөйлемей тамағыңды іш!


 Бүгінгі әңгіме:
         - Мұнайдың бағасы тым арзандап кетті.
         - Бірақ бензин өте қымбат қой.
         - Бізде бензинді мұнайдан жасамайтын шығар...    Әйтпесе арзан болар еді.


- Жақсы әңгіме жұмыс күнін қысқартады.


Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмысынан босатып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағадағы жатқан екі итке біраз тиын-тебен тастап кетеді.
- Мұныңмен не айтпақсың?
- Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұрды...


Екі жігіт әңгімесінен:
- Бернард Шоуды білесің бе?
- Білмеймін, бірақ мынауың да Бауыржан-шоу, Шымкент-шоу деген сияқты бірдеме шығар...


 Әкімшілікке біреу телефон соғады.
- Алло, әкімшілік пе?
- Иә.
- Менің әкім болғым келеді.
- Не айтып тұрсыз? Сіз жынданғансыз ба?
- Сонда есі дұрыстарға әкім болуға болмай ма?


- Білесің бе, сен маған Пушкинді есіме түсіресің.
- Е-е, мен де ақынмын, оның үстіне шашым бұйра дегендей...
- Жоқ, атып тастағым келеді...


Білгім келген сұрақ:
- Социализм деген не?
- Бұл – капитализмге апаратын ұзақ жол.
 

Әскерде:
- Бұл жерге келудегі мақсатың не?
- Біріншіден, Отанды қорғау!
- Дұрыс.
- Екіншіден, әскер мені шыңдайды.
- Жақсы.
- Үшіншіден, әскерге барасың ба деп, менен ешкім сұраған жоқ.


Баласы әкесінен:
- Әке, ақша деген немене?
- Ақша деген – қымбат көлік, зәулім сарай, кофе және сұлу қыздар!
 - Ал ақша жоқ болса, не болады?
 - Ақша жоқ дегеніміз – автобус, жатақхана, қара шай және сенің шешең...


Әкесі жігіт болып қалған баласына қатты ұрсып жатыр:
         - Апыр-ай, бір күннің ішінде, бар болғаны бір күннің ішінде осыншама ақымақтық жасағаныңа таңым бар...
Баласы:
         - Несіне таңданасыз? Мен өте ерте тұрамын ғой...
         

Жас суретшіге бір әйел келіп:
         - Менің портретімді салып бергеніңіз үшін қанша доллар сұрайсыз?- деп сұрайды.
         - Бір мың доллар.
         - Айнытпай саласыз ба?
         - Егер айнытпай салсам, бес мың доллар төлейсіз, бикеш.


Екі жігіт әңгімелесіп отыр.
         - Егер осы маңда полиция қызметкері жүрсе, онда қауіпсіз жерде жүрмін деп ойла. Ешқандай қорқудың қажеті жоқ
         - Неге?
         - Өйткені олар өте қауіпті жерде жүре қоймайды.


Екі жігіттің әңгімесін:
         - Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой.
         - Иә.
         - Онда қандай маман болдың?
         - Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым.
         - Ол жерден неге шығып кеттің?
         - Үйімді салып болдым ғой.


 Билік:
         - Біз жақсы өмір сүрдік, әлі сүреміз...
Халық:
         - Ал біз ше?


Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
         - Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
         - Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...


 Екі жігіт әңгімесінен:
         - Білесің бе, ер жігіттің бірінші – ұлы болу керек, екіншіден – үй салу керек, үшіншіден – ағаш отырғызу керек. Сен болсаң, әлі жүрсің.
         - Жоғары жақтан көмек болмай тұр.
         - Қалайша, қазір Үкімет балалы болғандарға қаржылай қолдау көрсетеді, үй салам дегендерге несие береді дегендей...
         - Оны білем, бірақ ондағылар ағаш отырғызғысы келгендерге ешқандай көмек бермейді ғой...


 Бір бай кешке үйіне келеді. Әйелі:
         - Тамақ ішесің бе?
         - Не бар?
         - Қара уылдырық, бұлғар шарабы, қазы-қарта, жал-жая...
         - Шіркін, баяғыдай қара нан мен шай болса ғой...
         - Ол үшін елдің еркектері сияқты адал жұмыс істеу керек!


Бір еркек базарда сауда жасап тұр:
         - Мынау не?
         - Алма.
         - Маған бір келісін беріңіз және әр талын жеке-жеке орап беріңіз.
         - Мынау не?
         - Жаңғақ.
         - Бұдан да бір келі беріңіз және әр талын орап беріңіз.
         - Ал мынау не?
         - Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды.


Бастықтың қабылдауында:
- Мен жазды сондай жек көремін. Күн ысып, терлей бересің, шөлдей бересің....
- Қорықпа, еңбек демалысына сені қыста бірақ жібереміз.


         Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады.


Бір қожайын жаңадан алған үй қызметшісіне:
         - Бақшаға барып шалқан жұлып әкел, - деп әмір етеді. Малай шығып кетеді де бірнеше түп шалқан жұлып әкеледі.
         - Өй, кеще! «Шалқан жұл» дегенімді – «Шалқанды жұлып әкелсем болды» деп түсінгенің бе?! Жұлған соң оны тазалап жуып, турап, одан соң оған қаймақ құйып, үстіне аскөк сеуіп әкелмейсің бе?!
         Сол күні қожайын аяқ-асты ауырып қалады да, малайын дәрігер шақыруға жұмсайды. Кешке қарай бір-ақ оралған қызметші:
         - Тапсырмаңыз түгел орындалды. Дәрігер шақырдым. Дәрі-дәрмек алдым, табыт жасауға тапсырыс бердім, зираттан қабір қаздырып қойдым! – депті.
 
                                                       
 Бірде қазақ жігіті Францияға бармақшы болады. Бірақ ол француз тілін білмейді екен. Содан досына келіп ақыл сұрайды. Сонда досы:
         - Оның несі қиын, сөздің басына «ф» әрпін қойып сөйлей бер! – дейді.
         Бірер айдан соң әлгі жігіт Франция ұшағынан түсіп жатыр дейді. Содан Париждің көшелерінде ал келіп адасады. Амал жоқ, алғаш кезіккен жігіттен қинала-қинала жөн сұрауына тура келеді:
         - Фауырым, фұл фай фөше? – деген екен абдырап. Сөйтсе, әлгі жігіт:
         - Фратан, фөзім де філмеймін! – деп жауап қайтарған екен.


        - Қазір сіз қай газетті ең жақсы деп айтар едіңіз?
         - Әрине, біздің аудандық газет. Ет жеген кезде қолыңды сүртсең, майын жақсы алады. Басқа аудандық газетпен қол сүртсең, қолыңа қара сиясы жұғады. Қол сүртуге біздің газет таптырмайды ғой, таптырмайды.


- Ескі пальтомның түймелері үзіліп бітті. Киюге ұят өзі!
- Ештеңе жоқ, ертең сатып әперем.
- Пальто ма?
- жоқ, түйме әперем.


- Әуре болмасаңызшы, шығарып салмай-ақ қойыңыз.
- О не дегеніңіз! қонақ шығарып салғанда, мен сондай бір рахаттанып қаламын!


Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар:
- Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
- Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
- Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
- "Қош бол!" деп шығарып саламын.
- Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
- Татуластырып жіберемін.
- Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
- Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын.
Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады.
- Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
- "Қош бол!" деп шығарып саламын.Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
- Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
- "Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
- Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
- Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін.
- Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
- Татуластырып жіберемін.
 
 
 

Той-думан » Күлдіргі әңгімелер »