тұсау кесу - құттықтау

тұсау кесу

/ ортаға аяғын тәй-тәй басқан  баланы әкеліп, беліне кішкентай қалта байлайды, оның ішіне тәттілер салып тұрып/:
 
Беліңе қалта байладым,
Дәулетіңді асырсын,
Ішіне тәтті сайладым,
Қиындықты қашырсын!
 
/осыдан кейін жиналған жұртқа көрсетіп, баланың аяғына мыналарды байлайды/:
 
Ішекпен байлағаным – малды болсын, тоқ болсын деген ниетім,
Көк шөппен байлағаным – жершіл болсын, көпшіл болсын, өсіп-өнсін дегенім,
Ала жіппен байлағаным – адал болсын, ақ болсын дегенім.
 
/тұсауын кеседі, тұсау кескен баланы бір-екі аттам жерге дейін сүйемелдеп барып, еркін жібереді/
 
Тәй, тәй, тәй, тәй!
Қаз, қаз, балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам!
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін!
Жүгіре қойшы, құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол, ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе!
 

Беліндегі қалтаны шешіп, тәттілерді елге шашумен таратады
 
Тойға шашу шашылсын!
Халқымның нұры тасысын!
 

шашу

 

Салт-дәстүрлер » Балаға қатысты салт-дәстүрлер » Тұсау кесу »