Аластау - құттықтау
Аластау
Жас отаудың босағасын, бесікті, жаңа қосылғандардың төсек орнын т.б. жаңадан қолданылатын дүние, бұйымдарды отпен аластайтын ғұрып бар. Бұл аталған орындардағы пәле-жала, ауру-сырқат, жын-шайтан, тіл-көз болса кетсін деген наным-сеніммен жасалады. Аластау ғұрпы от тұтатып онымен бесікті, босағаны тағы басқа жерлерді аралата дұғалап, «алас, алас, ауру-сырқаудан алас», «тіл мен көзден алас» деген сияқты тілек сөздермен жасалады. Мұны жөн білетін, ем-домнан да хабары бар ана, әжелер атқарады. Аластау сонымен бірге тазалық пен амандықтың да кепілі ретінде қолданылады.Салт-дәстүрлер » Үйлену салт-дәстүрлері » Бесікке салу » Әдет-ғұрыптар » Соңғы қосылған дүниелер »