Мен қазақпын Жұбан Молдағалиев - құттықтау

Мен қазақпын Жұбан Молдағалиев

МЕН ҚАЗАҚПЫН Жұбан Молдағалиев
 
 Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
 
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырдым даланы кең.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
 
Мен – жігітпін, айқасқа сынға асыққан,
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
 
Мен – қара көз сұлумын, «сайтан» қызбын,
Сайрай қалсам, тілімнен бал тамыздым.
Сүйер болсам, өмірдей өле сүйдім,
Қас батырмын қайратсам балтам жүзін...
 
Ұлы аманат етейік еркіндікті,
Ел құлдықты білмесін, жер күңдікті.
Аңсаймын мен, сенемін, туады ертең,
«Қазақ болу – зор бақыт» дер күн тіпті...»

Өлең - сөздің патшасы »