Қыз жылаған - құттықтау

Қыз жылаған

Қыз жылаған        Шырын Мамасерікова
Алдарқатпа, сүйемін деп көпіріп,
Бәрі жалған, бар айтқаның өтірік.
Сағат сайын бармағымды тістеймін,
Сені аңсаған күндеріме өкініп.
Мұз еріді көктемдегі жаңбырдан,
Сенің, сенің жолың жанарымды талдырған.
Аямастан, алдап нәзік сезімді,
Талай рет, сенсің көңіл қалдырған.
Құралайды көздеп атып құлаттың,
Жалғыз кінәм, шын беріліп ұнаттым.
Алайлауға қалай дәтің барды екен,
Таза суын мөлдіреген бұлақтың.
Таппасам да мұң қайғымды бүгін мен,
Тәтті өмірден неге ерте түңілем.
Жоқ, қажет емес алдарқату, ақталу,
Болса да шын, тек шындыққа үшкінем.
Есіңде ме, есіңде ме, жүректегі тұңғыш той?
Екеуімізді екі айырған тұрмыс қой.
Сыйласайық, сыйлайтының шын болса,
Сүймей тұрып, сүйемін деу қылмыс қой.

Өлең - сөздің патшасы »