Махаббат диалогы - құттықтау

Махаббат диалогы

Махаббат диалогы
Құс боп ұшып жоғалсам, нетер едің?
Сені іздеумен мәңгілік өтер едім.
Отқа түсіп өртенсем, нетер едің?
Күл боп бірге соңыңнан кетер едім.
Бұлдырасам сағымдай, нетер едің?
Жел боп қуып ақыры жетер едім.
Қайғы әкелсем басыңа, нетер едің?
Қойшы сәулем, бәрінде де көтеремін.

Өлең - сөздің патшасы »