Мен саған ризамын Ф. Оңғарсынова - құттықтау

Мен саған ризамын Ф. Оңғарсынова

 Мен саған ризамын                                           Фариза Оңғарсынова
 
Дала күндерім үшін,
Дала түндерім үшін,
Серігі болғаның үшін,
Сенімі болғаның үшін,
Мен сені аялаймын.
Біреудің пасықтығынан,
Біреудің жасып мұңынан,
Жүрегім сыздаған кезде,
Жаным мұздаған кезде,
Мен сені саялаймын.
Біреудің күлкісін көріп,
Бақыттының түр-түсін көріп,
Шаттанып қалған шағымда,
Жеткендей арман сағымға,
Қуаныштан дірілдеп денем,
Алдыңа күлімдеп келем.
Ажалмен айқасқан сәтте,
Қыршын жас көз ілгенін көріп,
Өткінші сезімдерді көріп,
Кешегі доспын дегеннің
Минутта шері генін көріп,
Кімнен өшімді аларымды білмей,
Кімдерге кінә тағарымды білмей,
Алдыңа лапылдап келем,
Жар болуға жақындап келем.
Өмірдің өткелдерінен,
Қиындық көп көргеніммен,
Өртеніп от басқаныммен,
Өзіңмен қоштаспадым мен.
Күлкімді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды,
Өзіңмен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып,
О баста көріскенің үшін,
Өлең, мен сені аялап өтем

Өлең - сөздің патшасы »