Оқырман Бектемірова Салтанат қосқан өлең - құттықтау

Оқырман Бектемірова Салтанат қосқан өлең

Кешір досым
Кешір досым, мұңға баттым.
Жалғыздықтың отын жақтым.
Кешір мені, бара алмадым,
Таңмен атып, күнмен баттым.
Сағыныштан сарғайғаным –
Ұйқы беріп, қайғы алғаным.
Түсін мені, сенсің барым,
Сенсің барым – менің жаным.
Асыл досым, ардағымсың,
Іздедім ғой, қайда жүрсің?
Кешіре алсаң қос басымыз
Бірге жылап, бірге күлсін.
Жалған екен бес күндігің,
Мәнін жойды өмірімнің.
Жалғыз досым ұштың түзге,
Құсын алып көңілімнің.
Кешір де кел, кел жаныма,
Бұлбұлым боп қон бағыма.
Өткендердің бәрін ұмыт,
Күтем сені мен сағына.
Тағы кешір деймін үнсіз,
Пенде болмас ешбір мінсіз.

Өлең - сөздің патшасы »