Түзу жолға... - құттықтау

Түзу жолға...

Күніміз өтер өзімізге сездірмей, Уақыт жылжып барады-ау қалайша кездірмей Шүкір Алла деуменен өмір сүріп келеміз, Қайтеміз біз де бір күн бұл өмірден өтерміз. Істеген әрбір іске кешірім сұрай білмейміз, Қуанған әрбір сәтте той әдісін іздейміз, Кейінгісін ойлағанды бізде жөнді көрмейміз, Сонда қашан тәубе етіп, парызды біз өтейміз. Жан-жағыма, айналама қарасам, Бақытты жан жоқ екен меннен асқан. Жоққа сабыр, қанағат ет барыңа, Сонда ғана біртіндеп орындалар бар арман. Өмір, шіркін, жұмбақ әлем емес пе? Ашылмаған сырлары көп әлі есте Қолда емес өмірдің бұл өлшемі Әттең, кері қайтарар едім өткенді. Білмей тұрып шындықтың қандай екенін Жол іздейміз қашудың одан бетерін. Алланың барына сене тұрып, Жалбарынбай қалай өтер бүгінгі мен ертеңің. Мен әлі де жас адаммын, өмір сүргім келеді, Білемін, барлығы да өмірді мендей сүйеді Көш соңында қалмадым мен өйткені, Жақындардың қуанышы мені алға сүйреді. Күніміз өтер өзімізге сездірмей, Уақыт жылжып барады-ау қалайша кездірмей Шүкір Алла деуменен өмір сүріп келеміз, Қайтеміз біз де бір күн бұл өмірден өтерміз.

Өлең - сөздің патшасы » Соңғы қосылған дүниелер » Шығармалар »