Бұқар жырау - құттықтау

Бұқар жырау

Айналасын жер тұтқан
Айды батпас демеңіз,
Айнала ішсе таусылмас
Көл суалмас демеңіз.
Құрсағы құшақ байлардан
Дәулет таймас демеңіз,
Жарлыны жарлы демеңіз,
Жарлы байға тең келіп,
Жайлауға жарыса көшпес демеңіз,
Жалғызды жалғыз демеңіз,
Жалғыз көпке тең келіп,
Бір жапанда соғысып,
Кегін алмас демеңіз.
Құландар ойнар қу тақыр,
Қурай бітпес демеңіз.
Құрай бітпес құба жон,
Құлан жортпас демеңіз.
Құрсағы жуан боз бие
Құлын салмас демеңіз.
Құлық туған құлаша
Құрсақтанбас демеңіз.
Қу таяқты кедейге
Дәулет бітпес демеңіз.
 



Бата-тілектер » Өсиет »