Шерхан Мұртаза Жаңа жылға бата - құттықтау

Шерхан Мұртаза Жаңа жылға бата

-        Уа, жаратқан құдірет! Жаңа жылда барлық ауыртпалық, қыстамшылық- қиындық өткен жылмен кетіп, жаңа жылда елімізге, әр от басына тыныштық, бейбітшілік бере гөр!
-        Қайран Қазақстанымызды бәле-жаладан, зіл-заладан, қайғы-қасіреттен сақтай гөр!
-        Иә, құдай! Еліміздің тәуелсіздігі, еркіндігі баянды болып, халқымыздың бірлігі, татулығы, бауырмалдығы арта түссін, «еңбек – еш, тұз – сор» болғаннан сақтасын.
-        Еңбекке ынта-жігер таси берсін!
-        Жаратқан құдірет! Ел басшыларына ағыл-тегіл ақыл, имандылық пен рахым бергей!
-        Әкімдеріміз нысапты, адал да әділ болсын, оларға биік өріс, нарықты парасат бере гөр!
-        Елімізге молшылық, тойымдық, береке берсін.
-        Жалқаулар, еріншектер мен араққұмарлар арамыздан арылсын.
-        Намысты, батыр да батыл азаматтар ортамызда көп болсын.
-        Елімізде әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүріміз өркен жая берсін!
-        Халқымыз ізгілік нұрына бөленіп, отбасыларымыздың әрдайым береке арылмасын!


 
 

Бата-тілектер » Белгілі адамдардың баталары »