жас жұбайларға бата - құттықтау

жас жұбайларға бата

Сезімнің пәктігін берсін,
Көңілдің ақтығын берсін,
Жылулы от бастарыңа
Сәбидің шат үнін берсін!
Пейілдерің тарылмасын,
Шаршап-шалдыққандар
Төрлеріңе дамылдасын!
Көлденең кеселден сақтасын,
Күңкіл өсектен сақтасын,
Дау-жанжалдан сақтасын,
Достан көңіл қалғаннан сақтасын!
Шайтанның азғыруынан,
Елдің жазғыруынан, сақтасын!
Асып-тасқаннан сақтасын,
Алшаң басқаннан сақтасын!
Отауларың елге сән болсын,
Өмірлерің бал болсын!


Әуелі құдай оңдасын,
Періштелер болсын жолдасың.
Ақ батамыз пәк болсын,
Ақ ордаңа бақ қонсын!
Жас отауың басқа толсын,
Аллаһ мың бір атты пәледен сақтасын.
Жүз бір атты қатерден сақтасын,
Тілдінің тілінен сақтасын,
Көздінің көзінен сақтасын,
Кезенгеннің кезінен сақтасын.
Өсек, аяң күндеуден,
Пәле-жаланың бәрінен,
Бір Аллаһ сізді сақтасын!
Әумин, Аллаһу әкбар!



Бата-тілектер » Жас жұбайларға бата »