Сәбит Ибадуллаев жинақтаған баталар кітабынан - құттықтау

Сәбит Ибадуллаев жинақтаған баталар кітабынан

Аламан болып ер жетсін,
Ақсақал болып төрлетсін!
Қас батырдай көрікті,
Ғұмыры болсын көрікті!
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты.
Осы айтқанның бәрі қабыл болып,
Алла берсін зор бақты!


Нәрестенің бауы берік болсын,
Ата-анасына серік болсын.
Азамат болсын ер жетсін,
Ақсақал боп төрлетсін!
 
Азамат болсын көрікті,
Ғұмыры ұзын, берік-ті,
Қолғанаты көп болып,
Артынан ерте берсін серікті!
 
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты.
Осы айтқанның бәрі келіп,
Берсін  Алла бақытты!


Құтты болып бесігің,
Артық болып несібің.
Дастарханың жайылып,
Ашық болып есігің,
Өре берсін балалар.
Алпамыстай тағы да,
Ұл артынан ұл тапқын.
Жарқыраған Шолпандай,
Қыз артынан қыз тапқын.
Құтты болсын бүгінгі,
Шілдехана тойларың.
Тілектерің қабыл боп,
Орындалсын ойларың.
                      Әумин



Бата-тілектер » Балаларға баталар »