Тұсау кесер батасы - құттықтау

Тұсау кесер батасы

Тұсауың кесілді, құлама,
Тізеңді жаралап жалама.
Құлындай құлдырап жүгірші,
Кәніки, өзіңді сына да.
Секірсең құздардан сүрінбе,
Шыңдарға шыққанда бүгілме.
Болаттай қабырғаң қатайып,
От ұшқын ойнасын түріңде,
Ұзақ боп ИншаАллаһ өмірің,
Тасысын шаттықтан көңілің.
Жарқырап күн санап өсе бер,
Жарқырап семсердей сенімің.
Әумин

Бата-тілектер » Балаларға баталар » Тұсау кесер баталары »