Той жасаған үй иесіне берілетін бата - құттықтау

Той жасаған үй иесіне берілетін бата

Құрметті той иесі,
Ісіңді тағдыр оңдасын,
Қайда жүрсең қолтықтап,
Қыдыр бабаң қолдасын!
Жамбылға ұқсап көп жаса,
Денеңде дерт болмасын,
Тойың тойға ұласып,
Жан-жүрегің толғансын,
Күннен-күнге көбейсін,
Дос-жараның, жолдасың.
Бақытың тассын әманда,
Бергенін тәңірі алмасын!
Өміріңді ұзартып,
Балаң менен немерең,
Шөберең мен шөпшегің,
Туажаттар жалғассын!

Бата-тілектер » Баталар »