Ақсақалдың батасы Тамада кітабынан - құттықтау

Ақсақалдың батасы Тамада кітабынан

 Ақсақалдың батасы
Дастарқаның кең екен,
Дәм-тұзың да мол екен.
Тойың тойға ұласып,
Таси берсін берекең!
 
Көңілдеріңе аспанның
Ашықтығын берсін!
Өмірлеріңе жұлдыздың
Қашықтығын берсін!
 
Алатаудың айбынын,
Қаратаудың байлығын.
Құдайдан не тілесеңдер,
Тілектеріңнің барлығын берсін!
Әумин!
                                       


Бата-тілектер »