Жастарға нағашының батасы Ғұмар Ахметчин - құттықтау

Жастарға нағашының батасы Ғұмар Ахметчин

«Дастарханның басында,
Не бір жақсы осында.
Мен бір бата берейін,
Дос-жарандар қасында:
Қос өрім жас – қос өркеш,
Қалижан мен Бәтима.
Бақыттың ашып қақпасын,
Ақ отауын көтеріп,
Құт босаға аттасын»,
«Еңбек етсін елмен тең,
Ерініп үйде жатпасын.
Дастарханы кең болсын,
Келгенде бұрып ат басын.
«Күлшашары» көп болсын,
Қуантар ата-анасын,
Айтып-айтпай не керек,
Сөзімнің болсын түйіні:
Зердеңе құй екі жас,
Нағашының батасын».
                                                        


Жас жұбайларға бата » Соңғы қосылған дүниелер »