шүкір ет - құттықтау

шүкір ет

Таудан биiк секiлденiп талғамың, Ардан биiк секiлденiп арманың, Пенделiкпен ұмытасың тәубеңдi, Сынағына шыдай алмай Алланың! Ай мен күнге өптiргiң кеп шекеңдi, Көрмедiм деп өкпелейсiң шет елдi, Тәубеңе кел, шетел түгiл зағиптар, Көре алмайды өзi туған мекендi! Қошеметтi көрмесеңiз несi бар, Бар жағдайды ақиқатпен шешiп ал, Жылы сөздi естiмеген кезiңде, Керең болып туғандарды есiңе ал! Тәубеңе кел, пенде болсаң есi бар, Сабырсыздар қадiрсiз боп тосылар, Дуниеге қолың жетпей қалғанда, Қос қолы жоқ пенделердi есiңе ал! Бақыт мәңгi тұрсын десең басыңда, Қанағат қыл ашуланба, тасынба, Көлiгiм жоқ деп ренжуiң бекерлiк, Аяғы жоқ адамдардың қасында! Топ алдында төрге озғың кеп төтеден, Тым болмаса айтпадым деп екi өлең, Ақын болып тумадым деп налисың, Мылқау болып туғаныңда нетер ең?! Құлақ түрiп әркiм айтқан пiкiрге, Бей-берекет бой ұрасың күпiрге, Тау мен тасқа соға бермей басыңды, Аман-есен жүргенiңе шүкiр де!
Метки к статье: шүкір ет

Өсиет » Соңғы қосылған дүниелер »