Шілдехана батасы - құттықтау

Шілдехана батасы

Берік болсын баулары балаңыздың,
Баспай өтсін біреудің ала жібін.
Ата-анаға қолғабыс тигізетін,
Дарыса екен бойына саналы ұғым.
 
Күн мен апта айлар боп өсе берсін,
Дені сау боп, күштері еселесін.
Ата-ананың тілегі қабыл болып,
Қыдыр Ата оңдасын пешенесін.
 
Күшті болсын Ата-ана денсаулығың,
Келіп жетті тілеген аңсар күнің.
Бала деген адамның бауыр еті,
Қуанышқып барлығың ән сал бүгін.
 
Қалжа сойып жасалды шілдехана,
Ат қойылды шақырып таңнан таза.
Есейгенде еліне қорған болып,
Ел сенімін ақтасын осы бала
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы

Шілдехана баталары » Соңғы қосылған дүниелер »