Кетермін, артымда сөз, әнім қалар - құттықтау

Кетермін, артымда сөз, әнім қалар

Кетермін, артымда сөз, әнім қалар Шәкәрім Кетермін, артымда сөз, әнім қалар, Кейінгі жастар оқып ортаға алар. Бірі - жөн, бірі - теріс айтыпты деп, Таласып өздерінше сынға салар. Табиғи заң - өткенді жаңа сынау, Жаманынан жиреніп, жақсысы ұнау. Дәлелдеуге өлген соң, келмес тілім, Тірлігімде айтатын сөзім мынау: Сынау қиын біреудің жайын білмей, Кетпе өмірін, ортасын көзіңе ілмей. Ауыр жук арқалаған жолаушыға, Жағада жуксіз тұрған жанша кулмей.
Метки к статье: Кетермін, артымда сөз, әнім қалар

Түйіндер » Соңғы қосылған дүниелер »