Кемел Кеніш Анаға - құттықтау
Кемел Кеніш Анаға
Перзе нтке жұмсаған бұла күшін,Ана – ырыс, бақ – дәулет,
Жұбанышың.
Көкбөрінің тегінен тарағандар,
Құтты болсын бүгінгі қуанышың!
Тал бесікке тірлікті ілмектеген,
Мадақтауға Ананы тіл жетпеген.
Алатаудың шыңына ту тігеді,
Анасына той жасап, құрметтеген.
Аяулы анам менің!
Мейірім мен махаббаттан жаралған кең жүрегіңізден, қызуы тұла-бойымызды жылытқан ыстық алақаныңыздан, «айналайын» деп маңдайымыздан емірене сүйіп еркелеткен мейірімді үніңізден артық біз үшін еш нәрсе де жоқ, мама!..
Маматайым, езуіңізден күлкі нышаны кетпесін, тіпті көзіңізден тамған әрбір тамшы жас қуанышпен шаттықтан тамсын! Жүзіңізден шуақ кетпей біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз, МАМА!!!
Ресми мерекелерге » 8 наурыз »