Қасиеттім, қадірлім - құттықтау
Қасиеттім, қадірлім
Қасиетім, қадірлім Нұрперзент ДомбайОсы қыздың нұрға толса жанары,
Көкірегімде үміт шоғы жанады.
Тіршілігім тұшымдылау, тұщылау,
Сәуір самал сергітеді сананы.
Кірбің күндер жырақ жүрсін жанынан,
Тайдырмаған бақытынан, бағынан.
Қыз сезімін биік қойған ел едік,
Бәрінен де, тіпті ханның тағынан.
Сен сұлусың, асқан ару жоқ басқа,
Қателеспе, аңдаусызда шоқ баспа.
Қасиетіңді қарағаннан қалт ұққан,
Ынтық болғай тек жігіттер нар қасқа.
Қыр гүлдері иісін бойға сіңірген,
Ару күнмен аспандағы тең күлген.
Ерініңде бал бұлақтың шырыны,
Шырын дәмді желпіп өткен жел білген.
Қазақ қызы – қасиетім, қадірлім,
Нақ өзі ол ұятым мен арымның.
Тағдыр, оның қайғырғанын көрсетпе,
Шапағаты шаттандырсын әңірдің.
8 наурыз » Соңғы қосылған дүниелер »