Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау - құттықтау

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған құттықтау

 
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесімен құттықтау  Құрметті блогты пайдаланушылар! 2012 жылдың 1 желтоқсанында елімізде алғаш рет Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Мұндай елеулі күн Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына және мемлекетіне сіңірген орасан зор еңбегіне деген құрмет болып табылады. Ұлт Көшбасшысының тұрақты және жүйелі негізде атқарып келе жатқан өлшеусіз еңбегінің нәтижесінде Қазақстан серпінді даму жолына түсті, саяси, экономикалық және әлеуметтік, оның ішінде денсаулық сақтау саласы жаңғыртылуда. Әлемдегі экономикалық дағдарысқа қарамастан, елімізде әлеуметтік салаға бөлінетін шығын көлемі қысқартылмай, керісінше ұлғайып келеді. Елбасы бекіткен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы табысты іске асырылуда. Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілді. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі құрылды. Трансплантология дамуда. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі кеңейтілуде. Көлік медицинасы халыққа қызмет көрсетуде. Президентіміз әрбір қазақстандық үшін өз денсаулығы ең жоғары құндылық екенін әрқашан айтып келеді. Мемлекет басшысының жан-жақты қолдауының арқасында еліміздің денсаулық сақтау саласында инновациялар, озық технологиялар енгізілуде, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қазіргі заман талаптарына сай медициналық орталықтар мен клиникалар пайдалануға берілуде. Бұл іс-шаралардың барлығы халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Біз – қазақстандықтар өз еліміздің жеткен орасан зор жетістіктеріне қуанамыз және мақтанамыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күні мерекесін атап өте отырып, Елбасымызға, мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи еңбегіне құрмет көрсетеміз. Барлықтарыңызды осы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, ұзақ өмір және ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріңізге табыстар тілеймін.


 
Поздравление с государственным праздником-Днем Первого Президента Республики Казахстан!  Уважаемые посетители блога! 1 декабря 2012 года в Казахстане впервые отмечается государственный праздник - День Первого Президента Республики Казахстан. Празднование такой знаменательной даты является выражением Главе государства уважения за его заслуги перед казахстанским народом и страной. В результате постоянных и системных мер, предпринимаемых Лидером Нации Н.А. Назарбаевым, Казахстан динамично развивается, осуществляется политическая, экономическая и социальная модернизация, в том числе и в системе здравоохранения. Несмотря на продолжающийся мировой кризис, расходы государства на социальную сферу не сокращаются, а наоборот увеличиваются. Успешно реализуется Государственная программа «Саламатты Қазақстан», утвержденная Главой государства. Внедрена Национальная скрининговая программа. На уровне первичной медико-санитарной помощи созданы службы социально-психологической помощи. Развивается трансплантология. Расширяется гарантированный объем бесплатной медицинской помощи. Создана транспортная медицина. Президент страны всегда подчеркивает, что для каждого казахстанца высшей ценностью является его здоровье. Внедрение инноваций, передовых технологий в системе здравоохранения, ввод в эксплуатацию современных медицинских центров и клиник, оказывающих высокоспециализированную помощь, больниц, поликлиник осуществляется благодаря поддержке Главы государства. Все эти меры позволяют повысить качество медицинского обслуживания населения. Мы - казахстанцы гордимся достижениями своей страны. Празднуя День Первого Президента, отдаем дань уважения нашему Елбасы, его историческим заслугам в становлении и развитии государства. Поздравляя Вас с праздником, желаю крепкого здоровья, долгих лет жизни, благополучия Вам, Вашим родным, близким и успехов в труде на благо нашей республики.
[url=http://][/url]

Ресми мерекелерге » ҚР Тұңғыш Президенті күні »