Қарындас, туған күнің құтты болсын - құттықтау

Қарындас, туған күнің құтты болсын

Бойжеткенді құттықтау
Ару қыз!
Уылжыған алмадайын,
Қызыл гүл,
Аппақ тілек бар маңайын.
Құлаш ұр арманыңның асқарына,
Құс болып алтын қанат самға дәйім.
 
Көркіңе таңдай қалып, көл дір еткен,
Отырсың көгілдірдей мөлдіреп сен.
Лебізің жүректерді елжіреткен.
Сәбидің, көңілі пәк, бір арусың,
Желкенің жүректердің желбіреткен.
 
Сыпайы сүйіндірген қылықтарың,
Гүл бағын  Махаббаттың ұмытпағын.
Жасыңа жас қосылып, жүзің жайнап,
Алдыңнан ата берсін күліп таңың.
 
Күл, жайна!
Білмей өткін мұңаюды,
Шашу ет жүректегі шуағыңды.
Жүрейік бақытыңа куә болып,
Шалқыған щаттық жусын шырайыңды.
 
Жаз мінез, шат күлкіңмен нұрланды күн,
Жол ашқан қуанышқа думан бүгін.
Тілейміз аппақ гүлдей аппақ тілек,
Қарындас, құтты болсын туған күнің!
 
Жолдарыңа гүл бітсін
Қарындас,
Құтты болсын туған күнің,
Өзіңе сый сыйлаймын жырдан бүгін.
Шыңдағы Еңлік гүлі бір өзіңсің,
Жігіттің қолы жетпей тұрған бүгін.
 
Төгілсін бақыт нұры жан жағынан,
Махаббат оты маздап таңдарынан.
Талайды тамсандырған ару едің,
Танбағын
Сұңқар құстай самғауынан.
 
Шаттықтың көздеріңнен нұрын көрем,
Қалпыңнан өзгермегін күлімдеген.
Жарқылдап,
Жайнай бергін ортамызда,
Гүл бітсін жолдарыңа жүрілмеген!

Жас дәурен (13-25) » Соңғы қосылған дүниелер »