Ұстаз Ф.Оңғарсынова - құттықтау
Ұстаз Ф.Оңғарсынова
Зауытта болсаң, күнбе-күнкөрінер еді табысың.
Дәрігер болсаң түрлі емің -
шипалы жанның бағы шын.
Ал сенің еңбек жемісің
өзгеше тіпті басқадан:
ол - өзін арнап ел үшін
осынау жүрген жақсы адам.
Жақсы адам - елдің тірегі,
байлығы туған халықтың,
шапағын шашар үнемі
көгінде тұрған жарық күн.
сан жастың қамын шертесің,
тағдырын ойлап толғанып.
Әр үйдің бір-бір еркесін
үйреттің өзің қолға алып.
Ұстазсыз жанда сөнбек күн,
шәкіртсіз өмір - сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің
бейнетін кешіп жүрсіздер.
Жүректе тұрар жалқы үнің,
жанымнан жаныл, жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
әр сәтің тұрған бір ерлік!
Мұғалімдер күні » Өлең - сөздің патшасы » Соңғы қосылған дүниелер »