Ұстаздарға мың алғыс! - құттықтау

Ұстаздарға мың алғыс!

               "Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға" - дегендей, әр шаңырақтың үміт күткен ұл-қыздары сіздердің білімдеріңіз бен біліктеріңізге жүгініп, сеніп келеді. Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда сіздердің үлестеріңіз орасан мол.


Өзіңді мәңгі үлгі тұтамыз!
Б.Әбдіораз

Тұла бойың тұнған сабыр,
Кешірім,
Айқара аштың бізге білім есігін.
Өр тұлғаңды балап шыңға,
Ұстазым,
Мен өзіңе тәнті болсам, несі мін?!
 
Бала елдің болашағы болғанда,
Зор пайданы тигізесің қоғамға.
Мамандығың - кәсіптердің абзалы,
Адамдығың қымбат бізге одан да.
 
Ашық болсын нұрға толы көгіміз,
Аман болсын еліміз бен жеріміз.
Аманаттап тапсырамыз тағдырды -
Анамыз деп қабылдадық сені біз!
 
Әр таң сайын жаңа арман құшамыз,
Ұстазымыз - үлгі бізге ісі аңыз.
Жақсылықты, тәтті үмітті танытқан
Өзіңізді мәңгі үлгі тұтамыз!


 

Мұғалімдер күні » Соңғы қосылған дүниелер »