Ұстаздар қауымын құттықтау - құттықтау

Ұстаздар қауымын құттықтау

Құрметті ұстаз қауымы! Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің бала көңілдеріңіз əр оқушының жандүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мұғалімнен өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шəкірт ұстазымен мақтанады. «Мектептің жүрегі», «Бала жанының бағбаны»… Иə, бұл мектеп мұғалімі — ұстазға арналған теңеулер. Мұндай мадақтауларды жалғастыра берсек, даналық сөздер тізбегі шексіздікке ұласады. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз.


"Нұр Отан" ХДП Астана қалалық филиалының құтықтауы /2011жыл/:
Құрметтi, елордалық ұстаздар! Сiздер Астананың төрiнде отырып, бас қаланың балаларын оқытуда талмай еңбек етiп, бiлiммен сусындатып, елiмiздiң дамуына атсалысып келесiздер. Соңғы онжылдықта елордалық бiлiм жүйесiнiң қарқынды да нәтижелi дамуы бүкiл елiмiздiң бiлiм ошақтарына үлгi боларлықтай болды. Мұның барлығы, мына отырған сiздердiң арқаларыңыз. Баршаңызды бүгiнгi мерейлi мерекелерiңiзбен құттықтаймыз!


Бибігүл Төлегенованың құттықтауы:
Құрметті ұстаздар!
Тамаша мереке - Мұғалімдер күні қарсаңында өзіміздің сүйікті ұстаздарымызды осы бір айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтаймын.
Біз білім ордасы  - мектеп табалдырығын аттап, онда қазықты да терең білім алып, тылсым дүниені таныдық. Ұстаздаорымыз бізді білім тұңғиығынан нәр алдырып, қаржыллылққа, ізгілік пен адамгершіліккке баулыды, табандылықпен еңбек етіп, алдымызға биік мақсаттар қоюды үйретті.
"Ұстаз, сенің алдыңда бас июге рұқсат ет!" - деген көпке танымал өлең жолдарында осы бір жанкешті абзал жандарға деген ұланғайыр алғыс көрініс тапқан.
Құрметті Ұстаздар, бүгін сіздердің мерекелеріңіз! Мына гүл шоқтары сіздерге! 
Сіздерге денсаулық, бақ-береке тілеймін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!


Ұстаз,ұстаз!!! Осы сөзде жатыр қанша ұлылық, Осы сөзде таусылмайтын жылылық. Әль фараби, Ыбырай мен, Ақаңды Осы сөз ғой қойған бізге ұлығып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін, Тентектерді ақылмемен емдейтін, Болса дағы малға кедей өмірде. Бар байлығым шәкірттеррім сен дейтін!
Құрметті ұстаздар сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Ұзақ өмір, қажымас қайрат, таусылмас бақыт, ұзақ өмір, зор денсаулық, талмас қанат тілейміз!!! /http://kaznmu.kz


білім саласы қызметкерлерін төл мерекелері - Мұғалімдер күнімен құттықтаймыз! Сіздердің мамандықтарыңыз елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мерке. Себебі, Қазақстанның болашағы сіздердің қолдарыңызда. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты, іскер болатыны тікелей тәлімгерге байланысты.  Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық базасын замануи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім саласын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді. Оның барлығы білім сапасын арттыруға, кәсіби шеберлікті нығаййтуға, мұғалімдердің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатуға ықпал ететіні сөзсіз. Бұл сіздердің Қазақстан азаматтарын өз елінің патриоты және тәрбиелі әрі жауапты адам етіп тәрбиелеп шығатындарыңызға сенімдіміз. Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, шығармашылық табыстар, ізгі махаббат пен мейірім тілейміз!


Ұлт ұстазы, қазақтың өткені ғасырдағы руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы: "Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі Һәм сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі, мектепке керегі - білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім"- депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі әлі күн тәртінен түскен жоқ. Отанымыздағы миллиондаған балаға білім үйретіп, тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымын төл мерекесімен құттықтаймыз! Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер! Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам. Тек өз Отанымыздағы білім үрдісімен шектеліп қалмай, әлемдік білім кеңістігіне шығу жолындағы қадамдарыңыдың өзі бәсекелестіктің бағын ашады. 
Әл Фараби бабамыздың тәрбиесіз берген білімнің нәтижесіз болатынын көрегендікпен айтқан, тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстауды ұмытпаңыздар!
"Алты алаштың абласы бас қосқанда, қадірлі орын - мұғалімдікі" /Мағжан Жұмабаев/



Мұғалімдер күні » Соңғы қосылған дүниелер »