Қоныс тойға бата тілек - құттықтау
Қоныс тойға бата тілек
Беретін асың болсын,Көретін жасың болсын,
Басыңнан жақсылық кетпесін,
Жамандық саған жетпесін!
Қайырлы болсын үйің,
Жақсы болсын күйің,
Алдарыңнан шықсын әрдайым,
Көрсеткен жұртқа сыйың.
Той-думан құтты болсын;
Бақыты мол отау болсын,
Іші жанға толсын,
Сырты малға толсын.
Өздеріңе ұзақ ғұмыр берсін,
Мәңгі кетпес ризық берсін,
Алдарыңнан күн шықсын,
Арттарыңнан ай тусын!
Түрлі тойларға » Қоныс той »