Баспана батасы - құттықтау

Баспана батасы

Әмин, деп қол жайып,
Бата берем толғанып.
Баспанаңды бітірдің,
Еңбегің жанып оңдалып.
 
Жиһаз толсын ішіне,
Дос сүйсінсін ісіңе.
Мерейленіп ұйықтаңдар,
Жұмақ кіріп түсіңе.
 
Биік болсын төбесі,
Будақтасын өңеші,
Мықты ұстасын ағашы,
Әрбір қаққан шегесі.
 
Бақыт құсы үйірілген,
Той кетпесін үйіңнен.
Асқақтай бер қашанда,
Осы жақсы күйіңмен.
 
Қонақ кетпей үйіңнен,
Мерейің тасып өрлегін.
Отбасыларың аман боп,
Қиыншылық көрмегін.
Әмин, Аллаһу Әкбар!
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы

Қоныс той » Бата-тілектер » Соңғы қосылған дүниелер »