Шәкірттерге айтарым - құттықтау
Шәкірттерге айтарым
Еліңе қалана біл кірпіш болып,Жан жақты гүл жайнаған түр, түс болып.
Өмірде алынбайтын қамал болмайды,
Білімге бойлай білсең, тың күш болып.
Талпынып, қатарыңнан қалыспағын,
Өзіңді өнерлі іске бағыттағын.
Арың мен ұятыңды таза сақтап,
Әділдік, шындық жолдан ауытпағын.
Елің бар кең байтақ - Қазақстан,
Орны бар Евразия аралықтан.
Елтаңба, Әнұран мен Байрағы бар,
Қорғаңдар Отаныңды адалдықпен.
Кетесің бітірген соң шар тарапқа,
Кезігесің әр түрлі сан сынаққа.
Байлығың мен атағың тұрса да өрлеп,
Ұстазыңды әрқашан ойда сақта.
Сәтін салса ертең-ақ бай боларсың,
Қолың жетіп, қоншыңмен жорғаларсың.
Артық дәулет бас жарады деген бар ғой,
Аяз бидей артыңа бір қарарсың.
Сәл қиналған шақтарда мектебіңе,
Білім берген ұстазды ойға аларсың.
Байлық, мансап мәңгілік жолдас емес,
Деген сөздің байыбына бір барарсың.
"Ата көрген - оқ жонар" дегенді ұғып,
Ту етіп, мұны өзіңе қолданарсың.
Ақылын ұстаздардың тыңдап өтсең,
Өнегелі ұл мен қыз боларсың.
Ей, жастар, осы сөзді ұстанбасаң,
Досың күліп, дұшпанға құл боларсың.
Мырзаханның Ақылбайы
Семей қаласы Мұқыр ауылы
Оқуға байланысты » Өлең - сөздің патшасы » Соңғы қосылған дүниелер »