Елбасын қайта тағайындалуымен құттықтау - құттықтау

Елбасын қайта тағайындалуымен құттықтау



Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев құттықтады. Жеделхат мәтінінде былай делінген: 
Сіздің Қазақстан Рес­публикасы­ның Президенті қызме­ті­не қай­та сай­ла­нуы­ңызға орай шын жү­рек­тен шық­қан құт­тық­тауым­ды қабыл алыңыз.
Сайлаудағы   бұл­тарт­­пайтын жеңі­сіңіз Сіз­дің өз халқы­ңыз­дың шы­найы көш­бас­шысы ретіндегі лай­ық­ты абы­ройы­ңызды тия­нақ­тай тү­седі. Достас Қа­зақ­стан­­ның кейінгі жылдарда әлеу­мет­тік-экономикалық салада, мемлекеттік құрылыста, халық­ара­лық аренада  қол жеткізген елеулі та­быс­­тары Сізге жал­пы­ұлттық қол­дау мен сенімді қамтамасыз етті.
Сіздің Ресей-Қазақстан ара­сын­­дағы тату көршілік пен өзара құрмет­тің берік дәстүрлеріне арқа сүйейтін стратегиялық әріп­тестігін одан әрі тереңдету мәсе­лелеріне ұдайы назар аудараты­ныңызды жоғары бағалай­мын. Екі жақтың ерік-жігерінің арқа­сында көп қырлы өзара ықпал­дас­тық алдағы кезде де серпінді дами беретініне, жаңа ауқымды жобалармен байи түсе­ті­ніне күмәндан­бай­мын.
Қазақстанның өңірлік ық­пал­дас­тық ынтымақ­тас­тықты дамытуға та­бан­ды бағыт ұстауын барша мойын­дайды. Біздің ел­деріміздің Кеден Ода­ғының жұ­мысын қам­та­масыз ету және ЕурАзЭҚ аясында Бір­тұ­тас эко­­номикалық ке­ңіс­­тік қалыптастыру, ТМД, ҰҚШҰ және ШЫҰ бойынша бай­ла­ныс­тар­ды нығайту мәсе­ле­ле­ріндегі жұмысын тығыз үйлес­тіре жүргізуі өзінің тиімділігін талай рет дәлелдеген. Біздің бірлескен жұмы­сымызды ықпал­дас­­тық­тың жаңа кезе­ңіне - Еур­азиялық экономикалық одаққа ауы­су бой­ынша жалғастыру ма­ңызды.
Ресей-Қазақстан одақтастық қа­ты­­нас­тарының қуатты әлеуеті алдағы кезде де біздің елдер ха­лықтарының, тұрақты даму мен еуразиялық кеңіс­тікте қауіпсіз­дікті қамтамасыз ету   мүдделері тұрғысынан табысты жүзеге аса беретініне сенемін.
Мықты денсаулық және тың табыстар тілеймін! 


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтао құттықтады. Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Сіздің Қазақстан Рес­публи­касы Президенті қызметіне қай­та сайла­нуыңызға бай­ла­нысты Сізге шын жү­ректен шық­қан құттық­тауым мен ең ізгі тілектерімді жолдаймын.
Сіз, Жоғары мәр­тебелі, мемлекет тізгінін қолға алған уа­қыт­тан бері елде қо­ғамдық тұрақтылық пен эконо­миканың жо­ғары өсу серпіні сақта­лып келеді, халық­тың әл-ауқаты ұдайы артуда, Қа­зақ­станның халықаралық жағ­дайы анағұрлым нығаюда. Сіздің басшы­лығыңызбен Қазақстан хал­қы мемлекетті еңселенту мен дамыту ісінде жаңа, анағұрлым  маңызды та­быс­тарға қол жеткізетініне сенемін.
Қытай мен Қазақстан тату көр­шілер, жақсы достар мен сенімді әріптестер болып табы­ла­ды. Дипло­ма­тиялық қатынастар орнатылғалы бергі 19 жылдың ішінде біздің ел­деріміздің ара­сындағы қатынастар жағымды арнада дамып келеді. Саяси салада өзара құрмет пен өзара сенім­нің жоғары деңгейі, ал эко­но­ми­калық салада өзара тиімділік пен бірлесе дамуға негізделген ынты­мақтастық жолға қойылған. Алмасу мен ын­ты­мақ­тастық әр­түрлі салаларда бой көр­се­туде, көпжақты аяда тығыз өзара ық­пал­дастық пен үйлес­ті­ру қолдау табуда. Қы­тай жағы біздің ел­де­ріміздің арасындағы көп­тен қа­лыптасқан дос­тық қа­тынас­тарды жоға­ры ба­ғалайды. Мен Сізбен бірлесе оты­рып стра­тегиялық әріптестіктің Қытай-Қазақстан қа­ты­наста­рын біздің елдеріміз бен  ха­лықта­ры­мыз­дың игілігі үшін мұнан да жоғары деңгейге көтеруге талмай күш-жігер жұм­сауға дайынмын.
Сізді Өзіңізге ыңғайлы уақыт­та Қытайға демалысқа шақыруды мәр­тебе көремін.
Жоғары мәртебелі, Сізге мықты денсаулық және жұмыста табыс тілеймін.
Қазақстан Республикасына қуат­ты­лық пен өркендеу, ел халқына бақыт пен игілік тілеймін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Француз Республикасының   Президенті Николя Саркози құттықтады. Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Мен Сізді Қа­зақ­стан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құт­тықтаймын.
Сіздің өкілетті­гі­ңізді 2020 жылға дейін ұзарту мақсатын көз­деген референдум жо­басына қарсылық білдірген Конституциялық Кеңестің пікірін ескере отырып, Сіз өткен жылы Қазақстан үлкен табыспен төрағалық еткен ЕҚЫҰ-ның құндылықтарын ұстана­тыныңызды көрсеттіңіз.
Мен Сіздің жаңа қызметте өз жұмысыңыздың басым бағытының бірі саяси реформаға жаңа қуатты серпіліс беру болып табылатынын білемін. Бүгінгі мазасыз әлемде реформа біздің халықтарымыздың үміті мен көңілін қанағаттандыру үшін қажет екенін анық түсінеміз.
Өз тарапымнан мен Қазақстан­ның әлемдік аренада өсіп келе жат­қан танымалдығын назарыма ала отырып, осы тақырыпқа және өзге де маңызды халықаралық тақырыптарға арналған үнқатысуды жалғастыруға қуанышты болған болар едім. Сон­дай-ақ Сіздің еліңіз биылғы жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төрағалық ететіні сөзіме мысал бола алады.
Биылғы жылы Үл­кен Жиырмалыққа төр­ағалық ете отырып, өз басым біз талқы­лауға тиісті маңызды мәселе­лер бойынша Қа­зақ­станның үнін естігім келеді. Атап айт­қанда, бұл қаржылық даму мәселесі және халық­аралық валюта жүйесі, сондай-ақ шикізат ры­ногы. Франция со­ны­мен бірге Қазақстан мен Еу­ропалық Одақ ара­сын­дағы серіктестікті күшейту жөніндегі жаңа келісімнің қоры­тындысын қол­дауға дайын.
Өзіңіз білетіндей, мен біздің елдерімізді біріктіруші, Стратегиялық серіктестік туралы келісім аясында біздің екі жақты қарым-қатынас­тарымызды дамытуға өте үлкен мән беремін. Жүзеге асыру сатысындағы немесе талқылаудағы барлық маңыз­ды жобалар, бір ортақ мақсатқа - Сіз бастап жүзеге асыра бастаған маңызды индустрияландыру мен инновация бағдарламасына біріктірілген.
Президент мырза, Сізден өзіңізге деген зор құрметімді қабыл алуы­ңызды өтінемін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Корея Республикасының Президенті Ли Мён БАК құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Құрметті Президент мырза!
Корея Респуб­ли­ка­сы­­ның үкіме­ті мен хал­қы­ның атынан Қа­зақ­стан Республикасын пре­зиденттік сай­лау­дың өтуі­мен құттық­таймын.
Сіздің жеңісіңіз - Қа­зақ­стан мемлекетін да­мытуға бағыт­талған Сіздің тамаша саяса­ты­ңыз­ды халықтың қолдауының нә­ти­жесі. Сіздің жетекшілігіңізбен Қа­­зақстанда ырғақты экономика­лық өсім жалғасатынына сенімдімін.
Қазақстан мен Корея ара­сын­да­ғы стра­тегиялық әріптестікті да­мы­туға қосып отыр­ған Сіздің баға жеткісіз үлесіңіз үшін өзімнің шынайы ри­за­шылы­ғымды білдіремін. Сіздің сая­са­ты­ңыздың арқасында екі ел арасындағы дос­тық қарым-қатынастар бар­лық салаларда да нығая түсе­тініне шын мәнінде сенемін.
Сізге денсаулық пен игілік, еліңізге бейбітшілік пен ты­ныштық тілеймін.


Америка Құрама Штаттары Нұр­сұл­тан Назарбаевты Қазақстан Рес­пуб­­ликасының Президенті лауазы­мы­на қай­та сайлануы­мен құттық­та­ды және Мемлекет басшы­сы­мен, Қазақстан хал­қы­мен әрі қарай да толық ауқымдағы стратегиялық әріп­­тес­тікті дамыту ниеті бар екенін білдірді.
«Біз Сізбен және Қазақстан халқымен екі ел арасындағы кең ауқымды стратегиялық әріптестікті одан әрі жүзеге асыруға асы­ғулы екенімізді мәлімдейміз. Біз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақ­тас­тық ұйымы атап көрсеткен елдегі жағдайдың жақса­рып келе жатқаны туралы алдын ала қорытындысын қолдаймыз. Қазақстан Үкіметін ЕҚЫҰ есебінде келтірілген кейбір кемшіліктерді жедел жоюға шақырамыз. Қазақстанның саяси жағдайды одан әрі оңтайландыру жөніндегі міндеттемелерін қуаттаймыз және сайлау үдерісін тоқтаусыз жетілдіру елдегі саяси үдерістердің өмірлік маңызды құрамдасы болып табылатынына сенім білдіреміз», - деп мәлімдеген АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігі.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Испания Үкіметінің Төрағасы Хосе Луис Родригес Сапатеро құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген: 
Сіздің Қазақстан Рес­публикасының Президенті лауазымына қай­та сайлануыңызға бай­ланысты Сізге үлкен қанағат­тану­шы­лық сезіммен өзімнің шын жүректі құттық­тауымды жолдаймын және Сіздің жаңа президенттік мерзіміңіз барысында зор табыс­тар тілеймін.
Сондай-ақ Сізге Испания Үкіметі біздің елдеріміз арасында ор­нық­қан ынтымақтас­тық пен дос­тықтың тамаша қарым-қаты­нас­та­рын тереңдетуді жал­ғастыру ниетінде екенін айтқым келеді.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Эстония Республикасының Президенті Тоомас Хендрик Ильвес құттықтады.  Құттық­тау мәтінінде былай делінген:
Жоғары мәрте­бе­лі,
Сіздің Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті қыз­метіне қай­та сайлануыңызға бай­ла­нысты Сізге өз құт­тық­тауымды, сондай-ақ Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы мен оның халқына шын ниетті тілегімді білдіргім келеді.
Біз өз елдеріміздің арасында орныққан тамаша екі жақты қаты­нас­тарды одан әрі ны­ғай­туға ба­ғыт­талған біз­дің бірлескен қызме­ті­мізді жал­ғас­тыра беретінімізге се­немін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Грузия Президенті Михаил Саакашвили құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
Болып өткен сайлауда Қазақстан халқы Сізге тағы да сенім білдіре оты­рып, тәуелсіз және эко­но­микалық күшті мем­ле­кет­тегі реформалар мен де­мократиялық даму үшін, сондай-ақ Сіздің дана басшы­лы­ғы­ңызбен осы жолда қол жеткен айқын табыстарды мойын­дап дауыс берді.
Отанның игілігі үшін ұзақ жыл­дар бойы риясыз пайдаланып келе жат­қан Сіздің білі­мі­ңіз бен тәжірибеңіз келешекте де Қазақстан Республикасының гүлденуіне арнала­ты­нына сенім білдіремін.
Біздің халық­та­ры­мыз бен мемлекеттеріміз арасындағы дәс­түр­лі достық қаты­нас­тар­ды нығайту ісіне Сіздің қосқан өзіндік үлесіңіз­ді біз жоғары баға­лаймыз.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баевты президенттік сайлаудағы жарқын же­ңі­сімен Үндістан Республикасының Премьер-министрі Манмохан Сингх құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
Сіздің көреген бас­шы­лығыңыз Қазақстанға өркендеу мен бейбітшілік алып келді. Сіздің қайта сайлануыңыз Қазақстан халқының сенімін білдіру болып табылады. Сізге алдағы жылдары да табыстар тілеймін. Үн­дістан мен Қазақстан ара­сында тығыз және дос­тық қатынастар орныққан. Менің Қазақстанға алдағы са­па­рым біздің страте­гия­лық серіктестігімізді одан әрі ны­ғайтуға және әр­та­рап­тандыруға мүм­кін­дік туғызып, біздің ха­лықтары­мыздың өз­ара тиі­мді қа­рым-қа­ты­нас­тарын дамы­туға, өңірдегі бейбітшілік пен тұ­­рақ­ты­лық­қа қыз­­мет ете­тін бо­лады деп күтемін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүл құттықтады.  Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы,
Сайлау тыныш және еркін жағдайда өтті. Мен бұған өте қуа­ны­ш­тымын. Қазақстан хал­қы ең лауазымды қыз­метке Сізді сайлау арқылы Сізге деген сенімін тағы да қуаттады.
Сіздің дана және көреген сая­сатыңыздың арқасында Қазақ­стан­ның өңірдің гүлденген аралы ретінде биікке көтеріліп, халық­ара­лық арена­да­ғы абыройының күн сайын артуына куә бо­лу­дамыз.
Біздің бауырлас ха­лықта­ры­мыздың ара­сын­дағы достықты ны­ғайтуға Сіздің қосқан құнды үлестеріңіздің маңызы зор.
Стратегиялық әріп­тес­тік дәрежесіне кө­те­р­іл­ген байланыс­та­ры­мыз­дың ортақ келешегіне сенімімен қарай­тынымды білдіргім келеді.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайте құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Құрметті Президент,
Сізді Қазақстан Президенті сайлауындағы же­ңісіңізбен құттық­тай­мын және Сіздің еліңіз бен халқыңыз үшін эко­номикалық, саяси және өзге салалардағы ма­ңыз­ды қызметіңіздің жал­ғасын табуына барынша табыстар тілеймін.
Осы жағдайды пайдалана отырып, Сізге мен қанағаттану­шы­лық­пен қабыл алған, биылғы жылы Қазақ­станға екі жақты сапармен келуге ша­қы­руы­ңыз үшін риза­шы­лығымды білдіремін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің сайлаудағы же­ңісіңіз Қазақстан хал­­қы­ның Сізге деген үлкен сенімінің, халық­тың мем­лекеттілік пен тәр­тіп­ті нығайтуға, қоғам өмі­рінің барлық салала­рындағы түбе­гей­лі қайта құруларды жүзеге асы­ру­ға ба­ғыт­талған бастама­ларыңызға  деген қолдауының дә­лелі болды.
Әзірбайжан мен Қазақстанды көп ға­сыр­дан бері жалғасып келе жатқан достық, тату көршілестік пен ынты­мақ­тастық  байла­ныс­тырады. Мен осы жақ­сы дәстүрлерге негізделген біздің мемле­кетаралық қарым-қа­тынасымыз тату хал­қы­мыз мен елдері­міз­дің игілігі үшін болашақта да дамиды деп сенемін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісі­мен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Нгуен Минь Чиет құттықтады.  Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Мен Сіздің бас­шы­лы­ғыңызда Қазақстан халқы ел дамуы мен оның халықаралық ұс­та­нымдары­ның ар­ту­ын­­да үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, ай­мақ пен бүкіл әлемдегі бейбітшілік, тұрақ­ты­лық пен гүлденуді сақ­тауға тиімді үлесін қоса береді деп сенемін.
Мен Вьетнам мен Қазақстан арасында жақсы қа­рым-қатынас дамып отыр­ғанына қуаныш­ты­мын. Бұл қарым-қа­ты­настар екі елдің тілегі мен мүддесіне жауап бере отыра, нығайып және дами түседі деп нық сенемін.


Беларусь Респубикасының Президенті Александр Лукашенко Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауындағы жарқын жеңісімен құттықтады.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісі­мен Италия Республикасы Министрлер Кеңесінің Төрағасы Сильвио Берлускони құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Аса құрметті Президент, қымбатты Нұрсұлтан Әбішұлы,
Сізді Қазақстан Президенті қыз­метіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сай­лау­дың нәтижесі - Қазақстан хал­қы­ның Сізге деген жоғары сенімі мен сүйіспеншілігінің айқын көрінісі.
Сізге қазақстандықтардың игі­­лігі жо­лын­да та­бысты ең­бек және ха­лық­аралық аренада Сіздің елі­ңіз­дің беделі мен рөлі одан әрі арта беруін тілеймін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай құттықтады. Құттық­тауда былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Жоғары Мәртебелі Қазақстан Президенттігіне қайта сайлануы­ңыз дана басшылығыңыздың еліңіз­дің халқынан кең қолдау тап­қа­нын көрсетеді.
Ауғанстан халқы Жоғары мәр­тебелі басшылығымен жүзеге асы­рылып отырған Қа­зақ­стан­ның көмегін әр­дайым риза­шы­лық­пен қабыл­дай­ды. Ауғанстан мен Қазақ­стан ха­лық­тары ара­сын­да ор­нық­қан ты­ғыз байла­ныс­тарды жоғары бағалай келе, біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара іс-қимыл алда да кеңейе түсетініне сенемін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Өз­бекстан Республикасының Президенті Ислам Каримов құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Таяуда болып өткен сайлаудың нәтижесі Қазақстан халқының Сізге деген сенімі мен қолдауы­ның жоғары екендігінің айқын көрінісі.
Көреген саясаткер және басшы ретіндегі Сіздің бай тәжірибеңіз бұ­дан былай да Қазақстан мүд­десіне, біз­дің елдеріміз бен ха­лық­тарымыз арасындағы достық және тату көр­ші­лестік қатынастарды нығай­ту­ға қызмет ете беретініне сенемін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Тәжікстан Республикасының Президенті Эмо­мали Рахмон құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Бүгінде Қазақстанды халық­ара­лық аренада тек қана өз аза­маттарына бейбітшілік пен тұрақ­тылықты, қауіпсіздік пен гүл­де­нуді, үйлесім мен дамуды қам­та­масыз еткен мемлекет ретінде ғана емес, сондай-ақ әлемдік қо­ғамдастық мү­ше­лерімен тығыз ынты­мақ­тастық пен жемісті серіктестікті орнық­тыр­­ған мемлекет ретінде бі­­леді. Қа­зақстан хал­қы Тәуел­сіздік жыл­дарындағы елде жүзеге асырылған орасан жаңаруларды Сіздің есіміңізбен тікелей байланыстырады.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Иран Ислам Республикасының Президенті Мах­муд Ахмадинежад құттықтады. Құт­тық­тауда былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
Сізді Қазақстан Республи­ка­сының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын ниетіммен құттықтаймын.
Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасы ара­сындағы достық қарым-қаты­нас­тар мен ынтымақтастық келешекте де та­быс­ты дами беретініне сенемін.
Сізге мықты ден­саулық және табыс, Қазақстан халқы мен еліне бақыт пен игілік тілеймін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Катар Мемлекетінің әмірі Хамад Бен Халифа әл-Тани құттықтады. Сондай-ақ, Мемлекет басшысын сайлаудағы сенімді жеңісімен Катар Мемлекеті әмірінің орынбасары және тақ мұрагері Тамим Бен Хамад әл-Тани мен Катар Мемлекеті Премьер-Министрі - Сыртқы істер министрі Хамад Бин Яссем Бин Жабр әл-Тани құттықтады.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Люксембург Ұлы Герцогтігі Премьер-министрі Жан-Клод Юнкер құттықтады. Құттықтауда былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне Сіздің қайта сайлануыңызға байланысты Сізді шын жүректен құттықтауға, сон­дай-ақ Сіздің жоғары қызме­ті­ңізде жаңа жарқын істер мен жетістіктер тілеуге рұқсат етіңіз.
Сізбен бірге біздің елдеріміз бен біздің халықтарымыз ара­сын­дағы достық байланыстарды ны­ғайтуға жә­не ын­ты­мақ­­тастық­ты кү­шей­ту­ге ұмты­ла­ты­ны­мыз­ға қуаныш­тымын. Мен үшін екі- жақты қа­рым-қатынастар мен халық­ара­лық күн тәртібіндегі мәселелерді Сізбен талқылау мүмкіндігіне ие болу үлкен құрмет.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы тамаша же­ңісі­мен Оман Сұлтаны Кабус бен Саид құт­тық­тады.Құттықтауда былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
Сізді Қазақстан Республикасы Пре­зиденті қызметіне қайта сай­ла­ну­ыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Осы мүмкіндікті пайдалана оты­рып, біздің халықтарымыз­дың игілігі үшін Қазақстан мен Оман Сұлтанаты арасындағы дос­тық байланыс­тар мен ын­ты­мақ­тас­тықты ны­ғай­туға деген біздің шы­найы ұм­ты­лысы­мыз­ды тағы да қуаттағымыз келеді.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы тамаша жеңісімен Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаян құттықтады.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Жоғары Мәртебелі,
Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Сіздің данышпан да болашақты болжай білетін қабілетіңіздің арқасында Сіздің ел әлемнің белді мемлекеттерімен әріптестік қатынастарды орнатып, бекіте алды, сонымен қатар  барлық салаларда елеулі жетістіктерге жетті.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы жарқын жеңісімен Түрік Республикасының Премьер-министрі Ред­жеп Тайип Эрдоған құттықтады.  Құт­тықтауда былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
сайлаудың нәтижесі Қазақ­стан халқының Сіздің осы күнге дейін ұстанған саяси және әлеу­мет­тік бағыт-бағдарыңызды қол­дай­тынын айқындайтын маңызды көрсеткіш екені даусыз. Қазақ­стан­ның алдағы кезеңдерде Сіздің басшылығы­ңызбен гүлдену жо­лын­дағы нық қадамдарын одан әрі жалғастыра түсетініне толық сенімдімін.
Елдеріміз арасындағы бауыр­лас­тық сезімдер мен ортақ тіл, мәдениет және тарихи байланыс­тар­дан күш алатын мызғымас қарым-қа­ты­настар мен ынтымақтастық ха­лық­тарымыздың мүддесі үшін арта түседі және өңіріміздегі бейбітшілік пен тұрақтылыққа қызмет етеді деген сенімдерді осы орайда тағы да бір рет қуаттағым келеді.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев­ты президенттік сайлаудағы сенімді же­ңі­сімен Еуропадағы қауіпсіздік және ын­тымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо құттықтады. Құттықтау мәтінінде былай делінген:
Жоғары мәртебелі,
Мен Сізді Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­касының Президенті қыз­метіне қайта сайлануыңызбен шын жү­ректен құттықтаймын және бұл таңдау Қазақстан хал­қы­ның Сізге және Сіздің саяса­ты­ңызға деген орасан сенімінің ай­ғағы деп са­наймын. Сіздің үдемелі эконо­ми­калық дамып келе жатқан жас мемлекеттің қалыптасуындағы жеке үлесіңіз және жоғары ха­лық­аралық беделіңіз халқы­ңыз­дан лай­­ықты бағасын алды, ал Қа­зақ­станды одан әрі дамыту жолын­да­ғы көзқарасыңыз қолдауға ие болды.
Сіздің басшылығыңызбен саяси және әлеуметтік-экономикалық да­му­ға ұмтылысы жолында Қазақ­стан­ға келешекте табыстарға жетуіне тілектестік білдіремін, Қазақ­стан мен ЕҚЫҰ арасындағы жемісті ынты­мақ­тастық жалғасатынына сенемін.
Біз Қазақстан тарабының ЕҚЫҰ-ға қолдауын жоғары ба­ғалаймыз. Оған Сіздің елдің өт­кен жылы ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретіндегі өте табысты лидерлігі дәлел болып табылады. Қазақ­стан біздің Ұйымның өміріне жа­ңаша дем және оның жұмысына тың серпін берді. Мен Қазақстан алда да ЕҚЫҰ-да белсенді рөл атқаратынына сенімдімін.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының Президенті Мевлют Чавушоглу құттықтады.
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
Құрметті Президент мырза,
Сізді Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне қайта сайлануыңызбен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіз.
Бақылаушылардың қорытындысына орай, Қазақстан әр өткізген сайлау барысында оның процесі елеулі жетілдіріле түскені атап өтілген. Өткен сайлау нәтижелері Қазақстан халқының қалауын білдіреді.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Түркі тілдес елдер Парламенттік Ассам­блея­сының Бас хатшысы Рамил Һасанов құт­тық­тады.  Құттықтауда былай делінген:
Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,
Сайлау нәтижелері өз бо­ла­шағы мен үкілі үмітінің келешектегі қарқынды әлеуметтік және эконо­микалық дамуын Өзіңіздің есіміңіз­бен байланыстыратын Қа­зақстан халқының Сізге деген ай­рықша сенімін мейлінше ай­ғақ­тайды.
Біз Сізді әлемдегі зор құрмет пен абырой-беделге ие дана, ұста­нымы берік саясаткер ретінде білеміз.
Өңірлік лидер бола отырып, Қа­­зақ­стан түр­­кі қоғам­дас­тығына кі­ретін бау­ырлас ел­дер­дің көп қырлы өзара іс-қимылын жан-жақты дамытуға бағытталған қыз­ме­тінде басты рөлдердің бірін атқарады. Сіздің белсенді ұстаны­мыңыз алды­мыз­да тұрған міндеттерді оңтайлы шешуге тиімді жол салуға мүм­кіндік беретініне сенемін


Сонымен қатар 5 сәуірде Литва Республикасының Сыртқы істер министрі,  ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Аудронюс Ажубалис Қазақстанды сайлаудың ойдағыдай өтуімен құттықтады. 
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 5 сәуір күні  Литва тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Литва Республикасының Сыртқы істер министрі,  ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы Аудронюс Ажубалиспен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгіме барысында А.Ажубалис Қазақстанды ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауының ойдағыдай өтуімен құттықтап, сайлаудың жоғары дәрежеде ұйымдастырылғанын және халықаралық бақылаушылардың көп қатысуын атап өтті. ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы ЕҚЫҰ мен Қазақстан арасындағы тығыз әрі жемісті ынтымақтастықтың маңыздылығына ерекше тоқталып өтті.
Қ.Саудабаев сұхбаттасушысына құттықтағаны үшін алғыс айтып, сайлау Қазақстанның демократиялық даму саласындағы айтарлықтай алға басуын көрсете отырып ашық әрі еркін түрде өткенін жеткізді.
Сол күні Қ.Саудабаевпен телефон арқылы сөйлескен Австрия Сыртқы істер министрі Михаэль Шпинделеггер Н.Назарбаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап, екі елдің өзара тиімді ынтымақтастығының болашақта дами түсетіндігіне сенім білдірді.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Виктор Януковичпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Виктор Янукович Нұрсұлтан Назар­­баевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Украина Президентіне құттық­тауы мен шын ниетті тілегі үшін разылығын білдірді.
*  *  *
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Александр Лукашенко Нұрсұл­тан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құт­тық­тауы мен шын ниетті тілегі үшін алғыс айтты.
*  *  *
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Армения Республикасының Президенті Серж Саргсянмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Серж Саргсян Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Армения Президентіне құттық­тауы мен шын ниетті тілегі үшін шынайы ризашылығын білдірді.
*  *  *
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Разакпен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Наджиб Разак Нұрсұлтан Назарбаев­ты президенттік сайлаудағы талассыз жеңісімен құттықтады.
*  *  *
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Эсто­ния Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтельмен телефон арқылы сөйлесті.
Әңгімелесу барысында Арнольд Рюйтель Нұрсұлтан На­зарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы А.Рюйтельге ізгі тілегі үшін риза­шылығын білдірді.


 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына президенттік сайлауда жеңіске жетуіне бай­ла­ныс­ты шетелдік саяси және қоғам қайрат­кер­лерінен құт­тықтау хаттар көптеп келіп түсуде.
Польша Республика­сы­ның экс-президенті Александр Квасьневски өз ха­тында Мемлекет басшысын сайлаудағы таңғаларлық же­ңі­сімен құттықтаған. «Қа­зақ­стандық қоғамның көп­ші­лік бөлігінің қолдауы Мемлекет басшысы қызме­тін­дегі Сіздің жетістік­те­рі­ңізді мойындауы болып та­былады. Бұл сондай-ақ келесі жылдар Сіздің бас­шы­лығыңызбен Қазақстан үшін одан әрі даму мен әлеу­мет­тік және экономикалық жетістіктерді нығайту кезеңі болатынына сенім мен үміт­тің көрінісі болып саналады. Мен Сіздің біліміңіз бен тәжірибеңіздің арқасында Қазақстан келешекте бай, анағұрлым білімді және жасампаз қоғамы бар заманауи мемлекетке айналатынына се­немін. Заң үстемдігін ны­ғайт­қан, тұрақтылық инсти­туттарын құрған, еркін эко­номиканы дамытқан мемлекет тек Азиядағы өсу мен прогрестің басты орталығы ғана емес, барлық құрлық үшін ұстанатын үлгі бола алады. Сіз үшін маңызды да жауапты осы кезеңде Сізге, Президент мырза, мықты ден­саулық, күш-қуат пен Қа­зақстан халқы тағы сеніп тапсырған миссияңызды орындауда табандылық тілегім келеді. Қазақстан өз өңі­рінде және оның сыртында, сондай-ақ халықаралық ұй­ым­дардың құрылымдарында ерекше рөл атқаратын ел, тұрақтылықтың көзі, диалог пен ынтымақтастықтың ор­та­лығы болып табылады. Мұндай белсенді қызмет пен қолдау халықаралық аре­нада танылуды талап етеді», деп атап өтілген А.Ква­сьневс­кидің хатында.
Белгілі неміс саясаткері Ганс-Дитрих Геншер Мемлекет басшысын президенттік сайлаудағы сенімді жеңі­сімен құттықтаған. «Сіздің Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің қызметіне қайта сайлануыңызға орай шын ниетті құттықтауымды қабыл алыңыз. Мен Сізге және Қа­зақстан халқына табысты қоғамдық және экономи­ка­лық даму тілеймін. Өз елі­ңізде Сізге көрсетілген үл­кен қолдау демократиялық қоғамды табысты дамытуды қамтамасыз ету үшін Сізге күш пен мүмкіндіктер береді. Қазақстан Сіздің президенттік кезіңізде едәуір прогреске қол жеткізді, бұл елді қоғамдық, экономикалық және ғылыми салада дамы­туға мүмкіндік берді. Өткен жылы Сіздің еліңіздің ЕҚЫҰ-ға төраға болуы Сізге және Сіздің еліңізге біз­дің құрлықтағы бейбітшілікті дамытуды қамтамасыз ету үшін көрсетілген ха­лық­аралық сенім болды», де­лінген Г.Геншердің хатында.
Мемлекет басшысын сай­лаудағы сенімді жеңі­сімен Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжа құттықтаған. «Сіздің бас­шылығыңызбен қол жеткізілген үдемелі даму, ор­нықты экономикалық өсім, республиканың ішкі және сыртқы саясатындағы ауқым­ды табыстар қазақ­стандық­тар тарапынан лайықты ба­ға­сын алды. Сіздің ҰҚШҰ қызметіне, ұйым аясындағы ынтымақтастықты тереңде­туге күш-жігермен көрсет­кен көмегіңіз, Еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылықты нығайтуға үнемі назар қойып отыратыныңыз үшін ризашылығымды білдіруге рұқсат етіңіз», делінген Н.Бордюжаның хатында.
ТМД үкімет басшылары кеңесінің жанындағы интернационалист жауынгер­лер ісі жөніндегі комитет­тің төрағасы, Кеңес Ода­ғы­ның Батыры Руслан Аушев Мемлекет басшысын сай­лау­дағы сенімді жеңісімен құттықтаған. «Бүкіл­ха­лық­тық дауыс беру барысында Сізге елдің сайлаушы­лары­ның басым көпшілігі көр­сет­кен сенім Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік саяси өмірі саласындағы жаңарулар бойынша Сіз жүргізген бағытты қолдау­дың жарқын көрінісі болып табылады. Қазақстандағы айтарлықтай тарихи мәні бар өзгерістер Сіздің тікелей есіміңізбен тығыз бай­ланысты және республика азаматтары оның нәти­же­лерін лайықты бағалайды, олар елдің табысты, үде­ме­лі дамитынына нақты сенімді. Интернационалист жауынгерлер ісі жөніндегі комитет Сізге Қазақ­стан­да өмір сүріп жатқан әс­ке­ри іс-қимыл ардагерлеріне тұрақты көмегіңіз бен қолдауыңыз үшін әрдайым риза», - делінген Р.Аушевтің хатында.
                                                                                            
Сонымен қатар Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің халықаралық байланыстар бөлімі «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясына партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлады «Нұр отан» ХДП баспасөз қызметі. 
 
«Нұрсұлтан Назарбаевтың басқаруымен Қазақстанның одан әрі гүлденіп, экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты артып, халықаралық аренадағы абыройы биіктей беретініне толық сенімдіміз.
Сонымен бірге, Қытай Халық Республикасының Төрағасы, Қытай коммунистік партиясының Бас хатшысы Ху Цзиньтао мен Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың достық қарым-қатынастарының арқасында  Қытай коммунистік партиясы мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы арасындағы ынтымақтастық нығайып, жаңа белестерге жете бермек», - делінген құттықтауда. 


«Ени Әзірбайжан» партиясының саяси кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сайлаудағы зор жеңісіне орай құттықтау жолдады, деп хабарлады «Нұр Отан» ХДП баспасөз қызметі.  
Жеделхат мәтінінде былай делінген:
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
«Ени Әзірбайжан» партиясының мыңдаған мүшелерінің атынан Сізді сайлаудағы жарқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Президент сайлауындағы Сіздің жеңісіңіз - ұзақ уақыт бойы Қазақстан мемлекеті мен халқының игілігі үшін атқарған адал еңбегіңіздің арқасында келген, еліңіздің Сізге деген зор құрметінің нәтижесі екені сөзсіз. Сонымен қатар, бұл жеңіс алдағы уақыттағы ел экономикасын қарқынды дамытудың, халықтың әл-ауқатының артуының және Сіздің басшылығыңызбен қоғамның бір мақсатқа бірігуінің кепілі екеніне де күмәніміз жоқ.
Біз «Нұр Отан» мен «Ени Әзірбайжан» партиялары арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынасты айрықша бағалаймыз, алдағы уақытта да екі жақтың күшімен бұл ынтымақтастықтың арта түсетініне сенімдіміз.
Сізге алға қойған мақсаттарыңызға жету жолында үлкен табыстар, ал Қазақстан халқына тұрақтылық пен игілік тілейміз!». 

Түрлі тойларға » Қызметке байланысты »