Соңғы қоңырау / Айбатыр Сейтақ - құттықтау

Соңғы қоңырау / Айбатыр Сейтақ

Артта қалып балғын шағы - ертегі,
дәл бүгіннен басталады ертеңі.
Алып шығар ашық, терең теңізге
Арман атты ақ кеменің желкені.
 
Бойға жиған салт-дәстүр мен мұраны,
Ел мүддесі болсын асқақ ұраны
Мәртебесін көтеретін биікке
Жас түлектер  - тәуелсіз ел қыраны!
 
Асқан сайын өмір-жолдың өткелін,
Жастық шағың - сағындырар көктемің.
Тілекшің боп тұрады ылғи анаңдай
Алыстағы алтын ұя мектебің...
 
Жас түлектер қақты бүгін қанатын,
Сәулелік күн жүрекке от жағатын.
Кім ұмытар қоңыраудың сыңғырын
Жүрегіңе мәңгі ұялап қалатын!

Оқуға байланысты » Соңғы қосылған дүниелер »