Түлектер кездесуіне арналған өлеңдер \қосқан Ғабиден Қызылордадан\ - құттықтау
Түлектер кездесуіне арналған өлеңдер \қосқан Ғабиден Қызылордадан\
ОРАЛДЫ ОЛАР МІНЕ ҰСТАЗЫНА, ОРАЛДЫ ОЛАР МІНЕ МЕКТЕБІНЕ Он жылдан соң... Тал бесігіңнен таңғажайып сыр таба алдым, Есіңнен әлі кете алмай жүр-ау балаң күн. Он көктемнен соң ойларға толы өмірмен, Шәкірттік шаққа оралдың. Есіңде әлі балалық сырда жүзгенің, Естелік жібін он көктем бойы үзбедің. Оралып қайта өзің қалдырған кешегі, Балалық күнді іздедің. Сағыныш-сезім жүректе алау жандырған, Өткені рас осынау жылда сан думан. Бойжеткен қыздың шәкірттік белгісі бір кезгі, Ақ бантик қайда қалдырған? Өткен күндерді айттың ба бүгін ертек қып, Қалайша мынау аз ғана сәтте ержеттік. Шәкірттік шағын еске алған анау жігіттің, Кездері қайда тентектік? Он көктем бойы өтіпті дәурен,тұрмапты, Уақыт атты әмірші бүгін тіл қатты. Сандаған жылдар сабырмен келіп бойыңнан, Балалық күнді ұрлапты. Өткен бір шақпен жараса білсең,жаның ұқ, Табиғатыңнан шын сезім жатса табылып. Оралдың бүгін ойларға толы көңілмен, Кешегі күнді сағынып. Қайғы қылышы торлапты-ау кейде аспанды, Жабығып келіп жанардан бүгін жас тамды. Іздедің қайта жүрегің мұңға малынып, Жоғалтып алған достарды. Өткен бір күнге апарып қыз бен ұлыңды, Уақыт-кеме өзіңе бүгін бұрылды. Есейіп қанша кетсең де солай достарға, Сезімің болсын бұрынғы. Ұғынып соны жаныммен мен де жай табам, Бойыңнан сенің сағыныш сазын байқағам. Кешегі күнге шәкірттік доспен бір жүрген, Оралшы бүгін қайтадан. Осылай ет те әсем бір әнге сал бүгін, Оралып тұр ғой өйткені саған бал күнің. Шаттықты күнде өздеріңе ғана арналған, Думанмен атсын таң бүгін! Жиырма жылдық ғұмыр Жиырма жыл,жиырма жазың,жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл-жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен. Күн келді түлек әні шырқалатын, Тарихтан жиырма жылдық нұр таматын. Келді олар артта қалған балалықтың, Ән қылып көтерсем деп шырқап атын. Тағдырын тура жазып өткеніне, Келгендей бала кездің көктеміне. Оралды олар міне ұстазына, Оралды олар міне мектебіне. Сағым-жыл жанға алаулы жағар отты, Олар да күні кеше бала бопты. Бүгін де жігіттері әке атанып, Қыздары сәбилерге ана бопты. Емес пе ед кеше оларды бала көрер, Өзгертіп уақыт та сала берер. Есейіп,ержетсе де ұстаздарға, Әлі сол түлек болып қала берер. Осы ғой өмірдің де нандырмағы, Жұлдызын жарқыратып жандырғаны. Жиырма жыл-жиырма көктем,жиырма жазда, Сан түрлі болды олардың тағдырлары. Сан түрлі өтті олар өткелдерден, Ызғарлы,өтті-дағы көктем күннен. Жиырма жыл ғұмырдан соң сағынышпен, Бас қосты сыр айтуға өткен күннен. Тергендей бала шақтан дала гүлін, Олардың ұқшы сырын дара бүгін. Жиырма жыл бұрын қалған осы жерде, Іздеп тұр олар қазір балалығын... Отыз жылдық ой Кетсе-дағы сол күндер алыс қалып, Жетті ме олар өмірде табысқа анық. Түлектермен бір кезгі Мектеп-Ана, Отыз көктем өтті де қауышты анық. Олар бүгін басынан кешті нені, Сол жылы туған перзент ес біледі. Отыз көктем өтіпті оларға анық, Соңғы қоңырау дауысын естігелі. Талпындырып өренін баққа білем, Мектеп-ұя бұлармен мақтанып ең. Отыз көктем өтіпті оларға анық, Қоштасқалы шәкірттік шақтарымен. Шақырғанда болашақ думана-дүр, Шығарып сап ұл-қызын тұрған ауыл. Отыз жыл белестен соң мектебіне, Қауыштырды перзентін туған ауыл. Мектеп-Ана дәл бүгін мақтанып ал, Ілікті өмір-жолда баққа бұлар. Енді бүгін отыз жыл аясында, Отыз жылдық сағыныш ақтарылар. Алтын ұя дарытып берекесін, Бүгін де олар кеңейтті керегесін. Кешегі ұл-қыз бұл күнде жайып бұтақ, Әлдилейді базбірі немересін. Кешегі ұл-қыз,кешегі бала бүгін, Толқиды қайта көріп дала гүлін. Өмір сыны есейткен ұрпақ енді, Сағынышпен еске алар бала күнін. Қайта ақтарып отыз жыл парақтарын, Іздейді олар шәкірттік сол ақ таңын. Өмірде жоқ еске алып қимастарын, Түгелдер отыз жылда жоғалтқанын. Ұстаз-көңіл түлекпен толар да анық, Кеуделерге той сәні қонар барып. Қауыштырып шәкіртті мектебімен, Күлімдеп тұр ойлы отыз оларға анық. Өлеңдердің авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ, Қызылорда қаласыОқуға байланысты » Соңғы қосылған дүниелер »