Соңғы қоңырау \қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан - құттықтау
Соңғы қоңырау \қосқан Ғабиден Қожахмет Қызылордадан
Соңғы қоңырау немесе бір сәттік сезім Бұйыртады тағдыр,шіркін,әр адамға несібін, Кеше емес пе ед мектеп-ұя бұларға ашқан есігін. Енді міне содан бері зулап жылдар өтіпті, Мектебімен қоштасар сәт бұларға да жетіпті. Ұғынды ма арлылығын,тәтті өмірдің нар жүгін, Ақ бантикпен қоштасады қыз бала да дәл бүгін. Бүр жарды ма кеудесінде асау сезім "елім" деп, Адуындау ерке ұлдың да мұрты қапты тебіндеп. Аңсаушы еді кеше ғана осы күнге жеткенін, Енді бүгін сезім басқа,қия алмай тұр мектебін. Қыз баланың кірпігінде мөлдір тамшы іркілді, Сыр бермейді ұлдар жағы қимаса да бұл күнді. Қоңыраудың сыңғыр қаққан үні құлақ жарады, Жез қоңырау бұлар үшін соңғы рет ән салады. Бұл бір шындық мойындайтын кім-кімге де рас тым, Отырмайды енді қайтып партасына кластың. Айырбастар кез келді ме оқушылық қаламын, Тыңдамайды қайтып енді ұстазының сабағын. Өмір-ана бұларға да "сен есейдің,біл!" дейді, Енді қайтып мектебінде оқушы боп жүрмейді. Қимайды олар сол шәкірттік күз,көктемін,қыс,жазын, Өкінеді күні кеше ренжітсе ұстазын. Сыңғырлайды қоңыраудың қайта-қайта жез үні, Сыр береді мұндай сәтте жас жүректің сезімі. Қоштасады мектебімен өмір-асу асады, Бұлар орнын бүгін міне басқа толқын басады. Жол береді жас ұрпаққа келе жатқан талапты, Әз-ұядан түлеп ұшар қағып еркін қанатты. Асыруға бойындағы білімі мен білігін, Кетеді ме басқа жерде жалғастырып білімін. Басқа жердің гүлзар бағын мүмкін барып аралар, Мектебіне,бәлкім,бір күн ұстаз болып оралар. Оралмайды оқушы боп неге,неге бірақ та? Жауап іздеп таба алмайды ешкім мұндай сұраққа. Өйткені бұл өмір заңы өзгерте алмас еш адам, Өзгертер тек құдірет бар-бір тәңірім,жасаған. Естіледі шалғайлардан өмір-күйдің күмбірі, Армандарға жетелейді жез қоңырау сыңғыры. Ұшты ұядан,қалар артта тәтті сезім-бала шақ, Шақырады алыстарға,шақырады болашақ! авторы: Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,Оқуға байланысты » Соңғы қосылған дүниелер »