мерейтойларға - құттықтау

мерейтойларға

Бүгін біздің әке-шешеміз ..................... шаңырақ көтергендеріне 55 жыл толып отыр. Ардақты ата-анамыз ...... бала тәрбиелеп өсіріп, олардан бүгінде немере-шөбере сүйген бақытты жандар. Біз, балалары, оларды осынау айтулы өмір кезеңіне жетуімен шын жүректен құттықтай отырып, мына өлең жолдарын арнаймыз:
   Алтын тойға куә болған ұрпағың
55-тің қарсы алады нұр таңын.
Құттықтаймыз осы тоймен Сіздерді –
Жұп жазбаған ерлі-зайып сұлтанын!
    Берік сақтап салт-дәстүрін өмірдің,
Шырағы боп біздер өскен өңірдің,
Себепкері болып әр кез жүрсіздер
Әулеттегі қуанышты көңілдің.
    Сіздерден әлі де көп түйеріміз,
Сіздермен бірге өссін үй-еліміз.
Жиылмай осы тойдың дастарханы,
Шөпшек болсын шөбереден сүйеріңіз!
           Ұл-қыздары, немере-шөберелері атынан ұл-қыздары.
 

     Абзал ата-анамыз! Өмір өзені бүгінде Сіздерді тамырын тереңге жайған алып бәйтерекке ұқсатты. Ұл-қыздарыңыздан сүйген  немере-шөберелерің осының жарқын айғағы.
Ұрпағы өсіп-өнген, халқының қадірменді қариялары атанған Сіздерді қол ұстасып өткізген 55 жылдық тойларыңызбен құттықтай отырып, мықты денсаулық, көп қуаныш, ұзақ ғұмыр тілейміз! ……… әулеті Сіздердің әлі талай тойларыңыздың куәсі болсын!
 

Күміс тойға тілектер
 Жиырма бес жыл құт боп келген шаңырақ,
Бақ жұлдызың тұрсын көкте жамырап,
Алтын тойың болсын тағы осындай,
Бір Құдайым тілегіңді қабыл ап.
Мерейлерің өсе берсін бұдан да,
Жақсылықтың күте берсін күні алда.
Алтайдай сылаңдаса жан жарың,
Өзің ұқса шабыттанған қыранға.
Көре бергей ұрпағыңның қызығын,
Ғұмыр жолдың берсін Алла ұзынын,
Бақ-дәулетің дариядай тасқындап,
Берекесі болсын дәм мен тұзыңның.
Қуанышпен өтсін барлық тойларың,
Орындалсын мақсаттарың, ойларың,
Жүзге жетіп ажырамай жұптарың,
Бал өмірдің қызығына тоймағын.


 Құтты болсын күміс той,
Той дегенің ырыс қой,
Алтын жамбы берсем де,
Екеуіңе дұрыс қой.
Күміс тойдың аяғы,
Алтын тойға жалғассын.
Жарқылдасын жандарың,
Жүзіндей ақ алмастың.
Таси берсін дәулетің,
Жарасып ән-сәулетің.
Қара қауым ел болып,
Өсіп-өнсін әулетің.
Сыйлы болып бастарың,
Ажырамай жұптарың,
Жүзге жетіп жастарың.
 

Күміс тойың күмістей жарқылдасын,
Дәулетіңнің бұлағы сарқылмасын,
Арғымағы арманның алқынбасын.
Қабыл болып тілегің, жақсы атыңмен
Алыс-алыс жерлерге даңқың барсын.
Аман болсын ұрпағың, бала-шағаң,
Ажырама күлкіден, тамашадан.
Үйір-үйір есепсіз жылқы бітіп,
Күмпілдесін күнімен қара сабаң.
Ешқашанда оңбасын дұшпандарың,
Екеуіңнің жанына жара салған.
Алтын тойың тағы да бола берсін,
Бастарыңа бақ құсы қона берсін.
Тоқсан асып екеуің жүзге жетіп,
Көңілдерің осылай тола берсін!
 

Алтын тойға тілектер
Алтын тойдың дастарханы,
Дастарханы мол болсын.
Берекелі қол болсын,
Тойға келген қонақтың
Бәріне сәтті жол болсын.
Тілектерің оң болсын,
Жұқармайтын қоң болсын,
Екеуіңнің кигенің
Алтын жағалы тон болсын.
Немереңді өсіріп,
Шөбереңді жетектеп,
Шашқан Алла ырзығын,
Тере берсін етектеп.
Құт болып мекен-тұрағың,
Жайқала берсін құрағың,
Лайланбасын бұлағың,
Жарқырай берсін шырағың.
Жастарың жүзге жеткенше,
Тарқамасын құмарың.
 

Қабыл ғып Алла тілекті,
Қуанта жүрсін жүректі,
«Алтын тойым болғай» деп,
Тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені –
Тойың өтіп дүбірлеп,
Осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар,
Мерейі биік елдегі.
    Аруақтар қолдасын.
Жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да
Тепсең кетпес басыңа,
Баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың,
Қызығын көріп балалардың,
Ашық болсын аспаның.


Алтындай бағалы болыңдар.
Құндыздай жағалы болыңдар,
Күмістен тағалы болыңдар.
Өркендеген ұрпағыңның
Үзілмес сабағы болыңдар.
Жүректі туған ұлдардың
Ақылшы жарағы болыңдар,
Ай жүзді аппақ қыздардың
Сом алтын тарағы болыңдар.
Қайда жүрсең жолың болсын,
Үйіңе Қызыр қонсын.
Дәулетке дәулет қосылып,
Көңілің асып-толсын.
Жүдемей жүзге жетіңдер,
Өмірден армансыз өтіңдер.
 


Дәстүрлі тойларға » Отау көтерген мерей тойларға »