тост тілек пен дос тілек кітабынан Отау көтерген мерейтойлар атауы - құттықтау
тост тілек пен дос тілек кітабынан Отау көтерген мерейтойлар атауы
Тойың тойға ұлассынДүние жүзінің көптеген ұлт пен ұлыстары үйлену тойына қатысты үш мерейлі күнді атап өтуді үрдіс еткен. Олар – күміс, алтын және гауһар тойлар. Қай халықтың да болса ғасырлар бойы қалыптасқан психолсгиялық, этникалық жан-сезім белгілері сол халықтың дәстүрлерінен, әдет-ғұрып, жол-жора, салт-санасынан көрінеді. Еуропалықтар, оның ішінде орыс, поляк украин халықтарында мұндай тойлар 10-нан асса, болғарлар 21 салтанатты естерінде сақтайды екен.
Бертін келе қазақ халқында да тойлау әдетке айналған солардың кейбірі жөнінде рет-ретімен айта келіп, өзіндік ерекшеліктеріне тоқталғанды жөн көрдік.
Жасыл той
(Шаңырақ көтерген жылы тойланатын кәдімгі үйлену тойы)
Бұл некеге отырған кез. Ол мәңгілік есте қалатын мезгіл. Шоқ-шоқ гүлдер, қос ғашық, той жасауы, әсем әуен, алтын жүзік, жарқын жүзді достар – бәрі де сондай жарасым
Шаңырақтарың биік, керегелерің кең, босағаларың берік болсын. Бақытты болыңдар!
Шыт тойы
(Үйленгендеріне бір жыл толғанда тойланады)
Оның бұлай аталу себебі, ерлі-зайыптылар «бал айынан» өтіп, өмірлері бір қалыпты арнаға түседі. Ол күні ерлі-зайыптылар бір-біріне жастық пен пәктік белгісі ретінде шыт беторамал сыйлайды.
Қағаз немесе шыны тойы
(Үйленгендеріне екі жыл толғанда тойланады)
Бұл күні бір-біріне қағаздан не пластмассадан жасалған сый-сияпат ұсыну үрдіс алған. Кейде жиһаз сыйлауға да болады.
Былғары тойы
(Үйленгендеріне үш жыл толғанда тойланады)
Аттарына заттары сай, яғни былғарыдан жасалған сыйлықтар ұсынылады.
Зығыр (кедір) немесе жібек той
(Үйленгендеріне төрт жыл толғанда тойланады)
Ерлі-зайыптылар бір-біріне кедірден немесе жібектен сыйлық жасайды.
Ағаш той
(Үйленгендеріне бес жыл толғанда тойланады)
Бұл күні достар мен туыстар ерлі-зайыптыларға ағаштан жасалған сыйлықтар тарту етеді. Ағаш бұйымдары сынбайтыны секілді, отбасын да мығым болады деген сенімнің белгісі бұл.
Шойын той
(үйленгендеріне алты жыл толғанда тойланады)
Шойыннан жасалған бұйымдар сыйға тартылады.
Мырыш той
(үйленгендеріне алты-жарым жыл толғанда тойланады)
Ерлі-зайыптыларға мырыш ыдыстар сыйға тартылады.
(үйленгендеріне жеті жыл толғанда тойланады)
Аты айтып тұрғандай, мыс – бағалы, шыдамды металл.
Ерлі-зайыптылар мыс тиындармен алмасып, мыстан жасалған ыдыс-аяқтарға ие болады.
Қаңылтыр
(Үйленгендеріне сегіз жыл толғанда тойланады)
Жылтыраған қалайыдан жасалған ыдыс-аяқ тарту етіледі.
Фаянс той
(Үйленгендеріне тоғыз жыл толғанда тойланады)
Ерлі-зайыпты екеуіне фаянс, фосфор, хрусталь ыдыстар сыйға тартылады.
Раушан той
(үйленгендеріне он жыл толғанда тойланады)
Бұл өте тебіреністі, жүрек жылытарлық той. Соған орай би көп биленеді. Неке тойына қатысқандардың бәрі бұл тойға шақырылуы тиіс. Күйеуі әйеліне раушан гүлін сыйлайды. Билеушілер де қолына раушан гүлін алып жүріп билейді.
Болат той
(Үйленгендеріне он бір жыл толғанда тойланады)
Болаттан жасалған бұйымдар ұсынылады.
Никель той
(үйленгендеріне он екі жыл толғанда тойланады)
Өз алғашқы махаббатты қоладан жарқыратып алып жүріңдер
деген ойды меңзейді.
Кесте той
(үйленгендеріне он үш жыл толғанда тойланады)
Кестеден тігілген киім-кешек сыйға тартылып, жылы лебіздер, игі тілектер тоқтаусыз айтылады.
Агат той
(үйленгендеріне он төрт жыл толғанда тойланады)
Ерлі-зайыптыларға ағаттан жасалған бұйымдар тарту етіледі.
Хрусталь той
(Үйленгендеріне он бес жыл толғанда тойланады)
Ара-қатынас хрусталь шынысындай таза, мөлдір болсын деп, хрусталь сыйлықтар жасалады.
Тойдағылар,
Қане сап, сап, тыныштал,
Біз дайынбыз,
Ей, асаба, дұрыстал.
Екі жастың махаббатын бекітіп
Шампан шашып,
Қоңырай соқсын хрусталь.
Фарфор тойы
(Үйленгендеріне жиырма жыл толғанда тойланады)
Мерекелік дастарханға фарфордан жасалған ыдыстар қойылады. Мұның өзі жұбайлардың берекесі мен бір кездерде айтылған тілектердің ақталғандығын аңғартады.
Күміс тойы
(Үйленгендеріне жиырма бес жыл толғанда тойланады)
Барлық сыйлық күмістен жасалады. Қуаныш дастарханына барлық дос-жаран, туыстар шақырылады.
Інжу той
(Үйленгендеріне отыз жыл толғанда тойланады)
Күйеу әйеліне ЗО інжу тізілген моншақты сыйға тартады.
Мата той
(Үйленгендеріне отыз бес жыл толғанда тойланады)
Матадан жасалған заттар сыйға тартылады.
Жақұт той
(Үйленгендеріне қырық жыл толғанда тойланады)
Некелік сақиналарды жақұтпен көркемдеп, жақұттан жасалған сақиналар жаңаланып алмастырылады. Есте қаларлық ерекше бір тойланатын салтанаттардың бірі.
Лағыл той
(Үйленгендеріне қырық бес жыл толғанда тойланады)
Лағыл таспен көркемделген әшекейлер тарту етіледі.
Алтын той
(Үйленгендеріне елу жыл толғанда тойланады)
Бұл күні – алтындар сыйлайтын күн, ұл-қыздары алтын той иелеріне жаңа неке сақиналарын тарту етеді.
Гауһар тойы
(Үйленгендеріне алпыс жыл толғанда тойланады)
Бұл ерлі-зайыптылардың ең үлкен тойы. Гауһар секілді өмірдің сынына шыдамдылық танытқандардың құрметіне арналады.
Темір той
(Үйленгендеріне алпыс бес жыл толғанда)
Ерлі-зайыптылардың шаңырақтарының беріктігін белгілейтін сирек кездесетін мерейтойлардың бірі.
Тас той
(Үйленгендеріне алпыс жеті жарым жыл толғанда)
Тасты да талқандап жіберетін құдіреті бар уақыт ағымына шынайы махаббат қана тойтарыс бере алады. Бұл қуаныш иелеріне гүл шоқтарын сыйлаған абзал.
Құт той
(Үйленгендеріне жетпіс жыл толғанда тойланады)
Уақыт өте немере мен шөберелер есейді. Алайда, махаббат оты әлі сөнбеген – нағыз құт осы емес пе!
Тәж той
(Үйленгендеріне жетпіс бес жыл толғанда тойланады)
Тәж тойына жеткен ерлі-зайыптылар дүниедегі ең бақытты адамдар болып есептеледі. Өсіп-өнген әулеттің төрінде 75 жыл бірге өмір сүрген ата мен әже отырады.
Дәстүрлі тойларға » Отау көтерген мерей тойларға »