Тост-тілек пен дос-тілек кітабынан келін түсіру тойына - құттықтау

Тост-тілек пен дос-тілек кітабынан келін түсіру тойына

                        Келін түсіру тойы
   Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету – адам өміріндегі ең бір елеулі, ұмытпас кезең, екі жастың жұлдызы жарқырап жанған күні.
Сол себепті халқымыз үйлену тойын аса қастерлеп, оны өткізуге жыл бұрын алдын-ала қам-қарекет жасаған.
 
                               Құттықтау үлгілері
   Бір пәлсапа: «Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», - деген екен. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін! Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!
                                         

   Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!
                                          

   Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын.
Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын!
   Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», - деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!
Өмір сүрудің екі негізі бар екен:
Біріншісі – үйретуден аянбау;
Екіншісі – үйренуден жалықпау.
Міне, осы қағиданы басшылыққа алсаңдар, иншалла, бақытты боласыңдар деп ойлаймын.
Той ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Тойларың құтты болсын!
                                           

   Таудан құлаған егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
   Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – Біздікі!
Барша гүлдің сыйлайтын ляззаты бір – сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
   Көзіміздің ағы мен қарасы – қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз: түйісу болсын, соңынан сүйісу болсын! Құшақ жайып, төс қағысайық, қымбатты құдалар!
                                 

Қос аққудай қос ғашыққа төрдегі бар бақытты мен тілеймін жердегі! Жалын атып жүректері сөнбесін, Ібілістің арбауына көнбесін! Бір-біріне серік болсын жалғанда, тау шыңындай биік болсын талғам да! Сүйіп өтсін бірін-бірі мәңгілік, ғұмыр кешсін өмірлерін ән қылып!!!
Алтыннан ардақты, күмістен салмақты құдалар!
Төрге шығыңыз, сырласып жанымыз қосылсын!
Досымыз қуанып, дұшпанымыз тосылсын!
Төреленіп төрге шыққандарыңыз құтты бола берсін!
    Әрдайым денсаулығыңыз мықты болсын!
                                

Бір күні бақ келіп жаңа отаудың есігін қағыпты:
- Кім-ей бұл? – депті жаңадан түскен жас келін.
- Мен Бақпын ғой, үйіңе кіргіз, - депті Бақ.
- Жоқ, есікті аша алмаймын: төргі үйде атам жатыр, ауызғы үйде өзіміз жатырмыз, - дейді келін.
Екінші күні есік тағы да тықылдапты.
- Бұл кім?
- Мен – Дәулетпін ғой, үйіңе қонып кетейін, - депті есік сыртынан Дәулет.
- Жоқ үй бос емес, - деп тағы да есігін ашпайды.
Үшінші күні есік тағы тықылдайды.
- Кім екен дейді? – дейді келін.
- Ынтымақ едім. Келін есікті ашып, Ынтымақты үйіне кіргізіпті. Барлығын естіп жатқан атасы сонда:
- Дұрыс жасадың, шырағым, ынтымақ орын алған жерге бақ пен дәулет өзі-ақ келеді, - деген екен.
   Біз де отауларыңыздан өмірлік ынтымақ кетпесін деп тілегіміз келеді.
                                  

Шарықтап бақыттың жүр өмір көгін,
Қосылған қос бәйтеректей, армысыңдар!
Той үстінде гүлдесін көңілдерің
Ақ ниетті көпшілік алңысынан!
 
Бұл жүрек қуанышқа тойған емес,
Сол алғыстан гүлдесін дала мынау.
Марат та сабау басты бойдақ емес,
Сен енді күйеу болдың, қарағым-ау!
 
Күтеді сыбағасын алдан көп күн,
Жаныңның оты мәңгі жалындасын.
Киноға жеке барар халден кеттің,
 Сен енді келін болдың, қарындасым.
 
Кешегі ұяң Жанат қыз да бүгін келін атанды,
Енді адал ана болсын, адал сүйсін Отанды.
Марат-інім қос жұлдызға әке болсын ақ шашты,
Сол болашақ ұрпақ үшін берейін мен батамды.
                              

Той бастап жатып сыйлас, дос адамым,
Жақсы сөз-лебіздерді қош аламын.
Тілейміз биіктігін шаңырақтың,
Тілейміз беріктігін босағаның.
 
Шырқаса шабыттанып ақын бүгін,
«Тойбастар» деп айтайық атын мұның.
Мәңгілік екі жастың бақыты мен
Тілейік құдалардың татулығын.
                       

Өмір-тойы, көңіл-тойы – үйлену,
Үйлену, бұл – мәңгі көктем күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
                         

Білімің қатарыңнан асып өтсін,
Бақытың абыроймен тасып өтсін!
Артыңнан өлмейтұғын ат қалдырып,
Жалғанда жалпағынан басып өтсін!
 
Нұрланып жол ашылсын қадамыңнан,
Мерейің үстем болсын талабыңнан,
Ұл мен қыз қуанышы қабаттасып,
Көркейсін келініміз балағынан!
                               

Ағайынның ақ ниеті деп ұғын,
Келін-бала, ажырамас тел ұғым.
Елден бұрын төбем көкке жетеді,
Десе біреу: «Жақсы екен келінің!»
                                 

Кел сүйейін маңдайыңнан, кел, күнім,
Ақ тілеуім ақ отауға ен, гүлім.
Шайқап ішіп бал шарабын бақыттың,
Қуаныштан мас болайын мен бүгін.
                                 

Келін боп түскен бүгін әдемі қыз,
Үлкенге түзу болсын сәлеміңіз!
                                 

Бірге тойлап жастардың қуанышын,
Байқатайын жүректің жыр ағысын.
Көтеремін, туғандар, осы тосты
Ұл-қызы ортақ құдағи-құдам үшін!
                                

Өмірлері бақытты, әнді болсын,
Өңірлері осындай сәнді болсын!
Достық пенен жастық шақ жалын атып,
Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!
                               

Халқыңа қалаулы бол,
Еліңе елеулі бол.
Бір баламыз екеу болсын,
Жас жұбайлар одағы бекем болсын!
                               

Егіз аққу сияқтанған достарым,
Бастапсыздар жұбайлы өмір-дастанын.
Мықты болсын тіккен ордаң-отауың,
Құтты болсын алғаш түндік ашқаның!
                                 

Бір ісіңнен асып түсіп бір ісің,
Шарықтасын құт-береке – ырысың.
Отауың да кішігірім – отаның,
Мәңгі болсын,

Дәстүрлі тойларға » Үйлену тойы »