алтын тойға тілектер тост тілек пен дос тілек кітабынан - құттықтау

алтын тойға тілектер тост тілек пен дос тілек кітабынан

Алтын той
Қабыл ғып Алла тілекті,қуанта берсін жүректі.
«Алтын тойым болғай», деп тілеумен қанша күн өтті.
Тілекті Алла бергені, тойың өтіп дүбірлеп,
                                                               осынша жанның келгені.
Бақытты жандар болыңдар, мерейі биік елдегі.
Аруақтар қолдасын, жамандық ешбір болмасын.
Дәулетің тасып бұдан да, тепсең кетпес басыңа
                                                               баянды бақыт орнасын.
Ұзақ болып жастарың, қызығын көріп ұрпақтың,
                                                                ашық болсын аспаның.
Балалар қуаныш әкелсін, немерелер жұбаныш әкелсін.
Орындарың төр болсын, дастарханың мол болсын.


   Алтын тойға жеткен бар, жетпеген де бар! Алла өзі іріктеп, бұл күнге алтын жүректі, алтын мінезді адамдарды ғана жеткізеді екен! Төрдегі алтын адамдарымыз аман болсын! Алтын той алға жетелей берсін! Бәрімізде алтын тойға жетейік!


Алтын той тіккен отау қарға қонсын,
Ақ жүзің алақандай нұрға толсын.
Мұстажап менің батам қабыл болса,
Үйіңе Қыдыр ата келіп қонсын.
Қара су мал жериді лайыңнан,
Тілей көр күнде тілек Құдайыңнан.
Мал басың дәулетіңмен бірдей өсіп,
Тәңірім айырмасын жұбайыңнан.
Шырағым қадірлі екен кере басың,
Ауызда бал татиды берген асың.
Мұстажап менің батам қабыл болса,
Алдыңнан ай-күн туып жарылқасын.



Дәстүрлі тойларға » Отау көтерген мерей тойларға »