Тұсау кесер Тамада кітабынан - құттықтау

Тұсау кесер Тамада кітабынан

Тұсау кесер
Басып жатыр бір қадам, екі қадам,
Щоқты қара көзінен шашыраған.
Қуанышпен кеудеден жасыра алмай,
Төр іздейді тіршілік-сахнадан.
 
Балдырғанды бал үміт алға сүйреп,
Тәй-тәй басты, қадамың алғаш рет.
Қаз-қаз тұрып,
Қарыштап жүріп кетсін,
Ата-ананың соқпағы, жалғасы боп.
 
Тұсауын кес сәбидің, бар да жылдам,
Құр қалмасын өмірдің сайранынан.
Шапқыласын туған жер төсінде еркін,
Жігіт болсын желі ескен айдарынан.
 

Дәстүрлі тойларға » Тұсау кесер тойы »