Тілашар Тамада кітабынан - құттықтау

Тілашар Тамада кітабынан

Шаттыққа толы болсын келер күндер,
Нұры ғой көзіміздің көгершіндер.
Аман қыл құртақандай құлындарды,
Аруақтар, желеп-жебеп жүресіңдер?!
 
Адамдар артқан екен ұрпаққа үміт,
Солардың арқасы ғой, тұрсақ күліп.
Еңбектеп,
Тәй-тәй басып,
Мектеп барып,
Сұңқардай
Шыңға қонар шырқап шығып.
 
Желкілдеп жігіт болды тайға мінер,
Күй болып шалқы көңіл, қайна жігер.
Алдынан арайланып бақыт таңы,
Азамат болсын аузын айға білер.
 
Көргендер бақытты ғой немересін!
Көгерсең немереңнен көгересің...
Ертең-ақ мақтанышқа айналады,
Ат ерттейтін Азамат деген есім.
 
Ұрпақпен ұласады мұрат арман,
Бәйтерек бой көтерер құба талдан.
Тойлаңдар,
Қуаныңдар, ағайындар,
Шалқып қайт, шаттық тойы -
Тілашардан!
 

Дәстүрлі тойларға » Тілашар тойы »